Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:05

Серік Сәпиев пен Қанат Ислам Қазақстан бокс федерациясында жаңа лауазымдарға тағайындалды

Серік Сәпиев пен Қанат Ислам
Фото: ашық дереккөз

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) президенті жанындағы бокс дамуы бойынша кеңесші болып тағайындалды.

Ал кәсіби боксшы, WBA бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасын үйлестіруші ретінде қызмет атқарады. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Хабарламада айтылғандай, Серік Сәпиев президент кеңесшісі ретінде ұлттық құрамалардың нәтижелерін жақсарту, спорт түрін жүйелі дамыту және Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жету бағытында жұмыс істейтін болады.

Серік Сәпиев – олимпиада чемпионы, әлем және Азия чемпионы (екі мәрте), сондай-ақ Вел Баркер кубогының иегері. Бұған дейін спорт және мемлекеттік басқару саласында бірнеше жетекші лауазымдар атқарған.

Қанат Ислам жасөспірімдер құрамасының жұмысын үйлестіріп, әлемдік аренадағы нәтижелерді жақсартуға үлес қосатын болады. Ол кәсіби бокста WBA Fedecaribe чемпион титулын иеленген. Ал еркін стилдегі мансабында Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттары мен Азия ойындарының жүлдегері болып жүрген.