Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:31

Шайдоровқа төленген қаражат неге жарияланды — министр жауабы

Р
Фото: gov.kz

Брифинг барысында министр бюджет қаражаты жабық ақпаратқа жатпайтынын және барлық дерек қоғамға ашық екенін атап өтті.

 «Біздің бюджет жасырын емес. Барлық ақпарат ашық әрі қолжетімді», — деді министр.

Журналистер қысқы Олимпиада ойындарына барған делегация құрамы мен сапарға жұмсалған бюджет көлемі туралы да сұрады.

Министрдің айтуынша, делегация құрамы тиісті бұйрықпен бекітіледі және әрбір қатысушының нақты міндеті болған.

 «Нақты айта аламын: халықаралық аренада спортшылармен жұмыс істеуде әр адамның нақты мақсаты болды. Артық бірде-бір адам барған жоқ», — деді Ербол Мырзабосынов.

Сонымен бірге министр брифинг барысында делегацияға кеткен нақты шығын көлемін жариялаған жоқ. Ол журналистерге шығындар құрылымы толық көрсетілген жазбаша жауап беруге уәде етті.

Осылайша, ведомство спортшыларды даярлау мен халықаралық жарыстарға қатысуға байланысты бюджет шығындары туралы толық ақпаратты ашуға дайын екенін мәлімдеді.