Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:10

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары ұсталды – БАҚ

Жақсылық Омар
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Egov.press телеграм-арнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

«Кейбір ақпарат көздерінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар ұсталды. Ресми ақпаратты күтіп отырмыз», – делінген хабарламада.

2025 жылғы 7 сәуірде ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Жақсылық Омарды облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындаған болатын.

1
Фото: скриншот

Сол кезде өңір басшысы оның мемлекеттік қызметтегі, соның ішінде алты жыл бойы облыс орталығының әкімі болған тәжірибесін атап өткен.

– Өңірдің барлық мәселесі мен мұқтажы Жақсылық Мұқашұлы Омарға жақсы таныс. Ол жаңа жауапты қызметте өзінің білімі мен тәжірибесін толық пайдаланады деп сенемін, – деген еді Нұрымбет Сақтағанов.

Жақсылық Омардың не үшін ұсталғаны әзірге белгісіз. Алайда былтыр 1 қыркүйекте Өскемендегі Шнайдер көпірі құлады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бұл жағдай қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырды, өйткені көпір 2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың наурызына дейін күрделі жөндеуден өткен еді. Жөндеуге бюджеттен 600 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Көп өтпей жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Данияр Уахитовның қамауға алынды.

Шнайдер көпірінің апаты бола сала БАҚ беттерінде бұрынғы қала әкімі, қазіргі облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың 2 жыл бұрын көпірді жөндеу жұмыстары кезінде алдында тұрып сөйлеген сөзі шыға бастады. Видеода ол көпір жұмыстары қашан аяқталатынын алға тартып, барлығы өзінің бақылауында екенін көрсетеді. Алайда Ж.Омар жарнамалаған көпір көп өтпей құлап, ол тағы да жұрттың сынына қалды.