ШҚО-да жол апатынан бес адам қаза тапты
4 қараша күні Өскемен – Риддер бағытындағы тас жолдың 48-шақырымында жол-көлік апаты орын алды.
Toyota Estima көлігі жол жиегінде тұрған ЗИЛ жүк көлігіне соғылып, салдарынан бес адам оқиға орнында қаза тапты, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлады. Қазір апаттың нақты себебі мен мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалған.
Бұған дейін «Самара – Шымкент» трассасында болған апатта 12 адам көз жұмған еді.
Кейінгі еліміздің тас жолдарында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғалары жиілеп отыр.
Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының деректеріне сәйкес,Қазақстан миллион тұрғынға шаққандағы жол апаттарынан өлім көрсеткіші бойынша әлемде үшінші орында, Ресей мен АҚШ-тан кейін орналасқан.
Тек 2025 жылдың тоғыз айында елімізде жол-көлік оқиғаларынан 1600-ден астам адам көз жұмып, 35 мыңнан аса адам түрлі жарақат алған.
Прокуратураның мәліметінше, жол апаттарының 86%-ы жүргізушілердің, ал 14%-ы жаяу жүргіншілер мен басқа қатысушылардың кінәсінен орын алады.
Қыркүйек айында елімізде 25 адам жол апатынан көз жұмды.
-
11 қыркүйек күні Маңғыстау облысында шағын автобус аударылып, салдарынан 10 адам қаза болды.
-
14 қыркүйекте Жетісу облысында үш көлік соқтығысып, қарсы бағытқа шыққан бір автокөліктің әрекетінен тағы 10 адам мерт болды.
-
Ал Қарағанды облысында болған апатта 5 адам қайтыс болды.