17:13, 05 Қыркүйек 2023
Шығыс Қазақстан облыстық Қорғаныс істері департаментінің бастығы тағайындалды
Шығыс Қазақстан облыстық Қорғаныс істері департаментінің бастығы лауазымына Арман Қожамқұлов тағайындалды.
Арман Есполатұлы Алматы облысында дүниеге келген. Әскери еңбек жолын 1998 жылы бастаған.
2018-2022 жылдар аралығында Алматы облысы Қапшағай қаласындағы әскери бөлімде бірнеше ботальонның командирі, әскери бөлімнің жасақтау бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды.
2022-2023 жылдары Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің штаб бастығы — департамент бастығының бірінші орынбасары болып еңбек етті.
Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы өзінің лауазымдық міндеттеріне 5 қыркүйектен бастап ресми түрде кірісті.