Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:17, 18 Тамыз 2020

Шығыстың әкімі сенатор, хатшысы әкім болды

      Өткен аптаның ортасы мен соңы шығыс өңірдіңхалқы үшін сайлауы мен тағайындауы қатар келген қызық кезең болды.

Бородулихаауданының әкімі қызметін атқарған Ольга Булавкинаға облыстық мәслихатдепутаттарының  255-і (қатысқаны 275депутат) дауыс беріп, ол 93,07 пайызбен сенат депутаты болып сайланды.Облыстағы жалғыз әйел әкім ретінде танылған Булавкинаның өтетіні белгілі болатұра, өзін-өзі ұсынып тартысқа түскен Риддер қалалық мәслихатының хатшысы И.Панченкомен облыстық мамандандырылғанмедициналық орталықтың бас дәрігері Ю.Старокожев 6 пайыз ғана дауыс алса, облыстықжолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Н.Жұмаділовкемәслихат депутаттарының 0,3 пайызы ғана дауыс берген. Мұның алдында Өскеменқаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған экс-әкімді Өскемен қалалық жәнеБородулиха, Ұлан, Шемонайха аудандық мәслихаттары ұсынғанын ескерсек,Булавкинаның қалайша сенатор атанғанын аңғару қиын емес. Есесіне оның мемлекеттіктілді қаншалықты меңгергені немесе қазақша қаншалықты «нан тауып жей алатыны»қаперге алынған жоқ.

  

                        ЫсқақовОразбаевты ығыстырды ма?

      Әкімін сенатқа «ұзатқан» Бородулиха халқы жаңа басшы күтіп отырғанда,Аягөз ауданының әкімі ауысып кетті. Бұған дейін осы ауданды басқарған ДілдәбекОразбаев облыстағы бір басқармаға басшылыққа ауысыпты. Бірақ оны орнынан алып,Аягөзге жаңа әкім тағайындаудың қандай қажеттіліктен туындағанын облыс әкімініңорынбасары Бақытжан Байахметовтің келгенінен-ақ аңғаруға болады. Яғни ол осыданбір жарым жыл бұрын облыс әкімі Даниал Ахметовтің орынбасары болып, осы Аягөзауданының әкімі қызметінен аттанған болатын. Ол кезде «Жас Алаш» сайтында«Ахметовтің жанына Байахметов жайғасты» деп, тағайындау жайын жариялаған едік. (https://zhasalash.kz/article/1263-akhmetovtinh-dganyna-bayakhmetov-dgayghasty). Аягөзді 2014 жылдың соңынан 2019 жылдыңсәуір айына дейін, бес жылға жуық басқарған Байахметовтің сол кезде ауданның«Құрметті азаматы» атанып, жоғарылап кеткені өз алдына бір қызық.

     Оның орнына Тарбағатай ауданының әкімі қызметінен ауысып келген ДілдәбекОразбаевтың әкімдік дәурені бір жыл төрт айға ғана жетті. Аз уақыт басқарса да,Оразбаевты аягөздіктер іскер әкім ретінде танығанын ешкім жоққа шығармайды.Бірақ Ахметов пен Байахметов үшін ол отырса опақ, тұрса сопақ болып көрінеберді ме, қайдам, ақыры қызметінен кетіп тынды. Кетіп тынғанына аудан әкімінтағайындауға Байахметов келгенде Оразбаевтың жанынан табылмағаны дәлел. Есесінеоблыстан келген дөкейдің оң қапталында отырған Аягөз аудандық мәслихатыныңхатшысы Сейілбек Ысқақов аудан әкімі болып тағайындалды.

       Шыныкерек, мәслихат хатшысының аудан әкіміне «айналып кеткені» әлеуметтік желіде деаз талқыланған жоқ. Фейсбук әлеуметтік желісіне «Төртуыл Шоқан» деген атпентіркелген Аягөз ауданының тумасы Нұржан Молдашевтің жазбасынан оның талайшикілікті білетіні көрініп тұр: «Бұл мықты (С.Ысқақовты айтады – авт.)Байахметов аудан әкімі қызметінде болғанда 2 млрд 600 млн теңгені сапасызигеріп, Мұстафаевтар істелмеген жұмысқа 150 млн теңгені аударып жібергенуақытта аудандық мәслихат хатшысы қызметінде отырып «мәу» демеген адам.

      Аудандық ішкі саясатты басқарған «қыз»балаға да 7- 8 млн теңгені «игертіп», соңында ол маман, төрт баланың анасы осы«екі мықтының» көз алдында жеті жылға сотталып кетті. Сол қаражатты қаршадай қыздыңөзі жалғыз жеп қойғанына мендегі күмән әлі сейілген жоқ.

      Қош,  Ділдәбек Оразбаев

ауданәкімі қызметінен неге кетті?! Тағайындалған күнінен бастап әжептәуір жұмысжасап бастаған, «өзі алу мен беруді» білмеген ағамыз Даниал Ахметовке ұнамайқалған сыңайлы. Себеп: Аягөз ауданында қаражаты «игеріліп» кеткен, бірақ жұмысыбітпеген «ауызсу мен кәріз жүйесі» жобасының аяқталуын мердігер мекемеден талапете бастағанынан болу керек.

     Талап етпесе жоба қалай аяқталады?! Және «ақшасыжелініп, жұмысы бітпеген» деген сөзді Оразбаев бірінші күннен бастап ашықайтқан болатын. Осы жағдай үшін қызметтен кетті», – деп салды ол әлеуметтікжелідегі жазбасында.

      Бір қызығы, осы Н.Молдашев туған жеріндегіәкімқараларға қаратып сан түрлі өткір ойларын ортаға салып жүрсе де, Аягөзауданының басшылығы тарапынан тырс еткен қарсылық айтылмайды. «Үндемегені –мойындағанының белгісі» деген орыс мәтелі осындайда айтылса керек.

  

                          Облысқаорденмен оралған Оразбаев

        Айтпақшы, Ділдәбек Тәжібайұлы да Аягөзауданының әкімі қызметінен құр кетпеген екен. Алдындағы әкімі Б.Байахметовауданның «Құрметті азаматы» болып аттанса, Оразбаев облысқа орден тағып оралғанжайы бар. «Халық еңбегімді әрқашанбағалап, елеусіз қалдырған жоқ. Қай істе де айналамдағы əріптестерім қолдады.Ол үшін ШҚО халқына, Тарбағатай, Аягөз аудандарының тұрғындарына алғысымшексіз. Облыс əкімі Даниал Кенжетайұлының қолдауы көп болды. «Құрмет» орденіменмарапатталуым сол еңбегімнің бағалануы деп есептеймін. Алысқа ұзаған жоқпын, облыстықдеңгейдегі салаға басшылық жасаймын», – дейді Д.Оразбаев әлеуметтік желідегіпарақшасында.

         Аягөз – облыстағы тоғыз жолдыңторабындағы стратегиялық маңызы, әлеуеті зор аудан. Алайда бюджеттің ауызсуғабөлінген миллиардтаған қаржысы нақты мақсатқа жұмсалмай, бұрынғы басшыларыныңарқасында басқа жағынан «аты шыққанын» жасыруға болмайды. Ауданның ескі де жаңабасшысы Сейілбек Ысқақов бір кездері мәслихатқа Қопа ауылынан сайланғанын айтакеткен жөн. Бұл күнде қопалықтар ауызсудың қашан сапалы аяқталарын күте-күтекөздері талды. Бәлкім, Ысқақов негізгі жұмысын ауылдардағы ауызсу проблемаларыншешуден бастайтын шығар.

СәтжанҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Тегтер: