Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
21:23, 23 Қаңтар 2019

«Шымбұлақ» Ресейдің ең ірі тау курортымен келісімге келді

Туризм саласының Қазақстан мен Ресейлік көшбасшылары — «Роза Хутор» және «Шымбұлақ» тау курорттары ынтымақтастық туралы келісімге келді.
Тиісті құжатқа «Роза Хутор» ЖШҚ бас директоры Сергей БАЧИН мен «Chimbulak Development» ЖШС бас директоры Ержан ЕРКІНБАЕВ қол қойды. Меморандум курорттардың танымалдығын арттыру, жалпы тау туризмі саласын дамыту, белсенді демалыс, спортпен шұғылдану және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бекітілді.«Шымбұлақ» пен «Роза Хутор» арасындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік ағымды ұлғайтуға септігін тигізуі шарт.Меморандум шарттарына сәйкес, қазақстандық және ресейлік тау курорттарының әкімшілігі туризм және мәдени-сауықтыру демалысы, конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шараларды өткізу жолындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін барлық қолжетімді тетіктерді пайдаланатын болады. Бұл ретте өзара ақпараттық, әдістемелік және консультациялық қолдау көрсету жоспарлануда.Бұл қадам шаңғы курорттарына көрші елдердің тау, спорттық туризм ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді, сондай-ақ болашақта қазақстандық белсенді демалыс әуесқойлары арасында «Роза Хутордың», ресейліктер арасында «Шымбұлақтың» танымалдылығын арттырады.Қос тарап бұл бастама туристердің қалауы мен сұраныстарын зерттеу арқылы курорттарға Қазақстан мен Ресейден өзге де елдерден келушілер тарту стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді дейді.«Біз қазақстандық және ресейлік курорттардың өзара танымалдылығын арттыруға бірлесе отырып жасаған жеңілдіктер ықпал етеді деп үміттенеміз. Және бұл жеңілдіктер «Шымбұлақ» пен «Роза Хутордың» қонақтарына қолданылады. Мысалы, осындай науқандардың шеңберінде курорттардың бірінде апталық ски-пасс сатып алатын туристер осы курортта немесе оның әкімшілігі ұсынған қонақ үйлердің бірінде орналасқан қонақ үйде тұрған жағдайда серіктес курорттан тегін бір апталық ски-пассты алу құқығына ие болады»,- деді «Шымбұлақ» тау курортының бас директоры Ержан Еркінбаев. Меморандум ерекше оқиғалар кезінде – Серіктес-курорт күніне орайластырылған арнайы мерекелерді өткізіп отырады. Мұндай күндері «Роза Хуторда» демалатын туристер «Шымбұлаққа» арналған фотокөрмелерді, шығармашылық ұжымдардың концерттерін тамашалайды және қазақ ұлттық тағамдарын татып көруге мүмкіндік алады. Өз кезегінде «Шымбұлақ» қонақтары Сочидегі 2014 олимпиада мұрасының ең ірі нысаны саналатын Ресей курортының күндерін өткізеді.«Бізді пост-кеңестік кеңістіктегі ең үздік тау курорттарының бірімен ынтымақтастықтың осындай форматы қызықтыратыны сөзсіз. Мұндай синергия біздің қонақтарымыздың шеңберін кеңейтуге қабілетті және қазір біз Қазақстан мен Ресей туризмінің жаңа нарығына аяқ басамыз. Бізде бір-бірімізге ұсына алатын дүние көп, осы таңда өзара тиімді қатынастарды дамытуға ықпал ететін нақты маркетингтік шешімдер белгіленді»,- деп атап өтті «Роза Хутор» тау курортының бас директоры Сергей Бачин.Фото: teleprogramma.pro
Тегтер: