Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:57, 29 Шілде 2020

Шымкент бірінші орында

Шымкент қаласында осы жылдың біріншіжартыжылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 14.

7 млрд. теңгеніқұрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға артық. Ауылшаруашығы өнімінің өсу қарқыны бойынша Шымкент қаласы республика бойыншабірінші орында. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасыныңмамандары хабарлады.

Басқарма мамандарының сөзінше, ауылшаруашылығы саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізу мен мемлекеттікқолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі артқан.  Өндірілген өнім көлемінің ішінде егіншаруашылығы 1,6 млрд. теңгені құраса, мал шаруашылығы 12 млрд. теңгеге жеткен.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 217,3 млн. теңгебөлініп,  8 бағдарлама бойынша ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетіліп келеді. Есеп беру кезеңіндеоның 992,3 млн. теңгесі игерілген.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың I-тоқсанындаауыл шаруашылығы саласында 6 мыңнан астам адам жұмыс жасаған.

 

 

Тегтер: