Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:10, 25 Шілде 2020

Шымкентке 3 миллион құты дәрі-дәрмек жеткізілді

Шымкентқаласында  бір айлық дәрінің қорыжасақталды.

Бұл туралы қала әкімі М.Әйтенов Үкіметтің селекторлықотырысында мәлімдеді.

Жиында қалада атқарылып жатқан эпидемияға қарсы шаралармен Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.

Онда әкім қаладағы дәрі тұрақтылығын сақтау мақсатындаҮндістан, Ресей, Украина мен Өзбекстан елінен 2 млн. 676 мың флакон біріншікезектегі дәрі-дәрмек пен 16 млн. 700 мың маска жеткізілгенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының халықтыдәрі-дәрмекпен қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қалада төрт мониторинг тобықұрылып, 348 дәріханаға тексеру жүргізілді. Нәтижесінде заңсыз дәрі-дәрмексатумен айналысқан 50 дерек анықталды. Оның ішінде 12 қылмыстық іс тіркеліп,тергеу амалдары басталды. Қалада көтерме дәрі-дәрмек сатумен айналысатын 10 іріфармкомпания және 560 дәріхана жұмыс істейді. Шетелден дәрі-дәрмек алып келугеаталған фармкомпанияларға бір жолғы рұқсат берілді», — деді қала басшысы
Тегтер: