Шымкентке танымал фотограф Штейнмец келді

Шымкентқаласының туристік тартымдылығын насихаттау мақсатында туризм басқармасыныңшақыртуымен қалаға National Geographic және New York Times журналдарыныңтанымал фотографы Джордж Штейнмец келді.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігініңбаспасөз қызметі хабарлады.
Джордж қаланың негізгі туристік нысандарының, атапайтқанда Ескі қалашықтағы «Цитадель» жобасы, Тәуелсіздік саябағы, Қошқар атаөзені, Бәйдібек би ескерткіші мен этноауыл, Арбат пен Абай саябағы секілдікөрікті орындардың фототүсірілімін жүргізді.
Енді мегаполис тұрғындары танымал кәсіпқойдың объективіарқылы шаһардың сұлулығын «құстардың көзімен» тамашалай алады.
Фотосуретші Қазақстанның оңтүстігі туралы шығармаларынмиллионнан астам жазылушысы бар Instagram парақшасында және өзінің жекевеб-сайтында жариялауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар суреттер NationalGeographic және The New Yorker сияқты беделді бұқаралық ақпарат құралдарындашығады деп күтілуде.
Алдағы уақытта, пандемиядан кейінгі кезеңде Штейнмецтүсірген суреттер Қазақстанның өзге өңірлерінде қала туралы фотокөрме өткізугенегіз болады.