Солқылдақтық салдары: Қазақ баласын мектепсіз қалдырды
Павлодарда мемлекеттік тіл әлі де көлеңкеде қалып,өлместің күйін кешіп келеді.
Әу баста балаларға мемлекеттік тілде білім беруітиіс жаңа мектеп айналасындағы «жыр» жарты жылға созылды. Қазақтілді ата-аналармемлекеттік тілде оқытатын мектептің қажет екенін алға тартса, орыстілділер «тармектепке барып жүрген біздің балаларға берсін» деп бет бақтырмады. Ақырыатқамінерлер «саған да емес, маған да емес» деген қағидаға басып, орта білімберу мекемесін аралас қылатын болды.
Өткен жылдың қарашаайында Павлодар қаласының «Затон» шағынауданында жаңа мектептің іргетасықаланды. 350 балаға арналған нысанның құрылысы бүгінде аяқталып та қалды. Бұлоқу орнын салуға қазынадан 1 млрд 158 млн теңге қаржы бөлінген болатын.
Жаңа мектепқолданысқа тапсырылмай жатып-ақ дауға айналды. Нақтысын айтқанда, ата-аналарбұл мектепте кімдер білім алуы керек деген мәселені шеше алмай әлекке түсті. Негізі,әуелде «Затон» шағынауданындағы мектепкеоның дәл қасында орналасқан «орыс тілінде оқытатын №13 орта мектептің балаларыкөшіріледі» делінген болатын. Себебі осыдан 20 жыл бұрын ескі балабақшағимаратында ашылған мектеп 611 балаға тар болып, қолайсыздық тудырып отыр.
Кейін шенеуніктерәу бастағы шешімін өзгертіп, «жаңа мектеп қазақ тілінде білім беретін №9, 24,25 және 39 мектептердің жүктемесін азайту үшін мемлекеттік тілде оқытатынболады» деген байламға келді. Ал «№13 мектептің балалары сол қалпы балабақшадақала береді» делінді. Мұндай шешімге келудің себебі – бұл шағынауданда қазақтілдімектеп жоқ. Сондықтан балалар өзге оқу орындарында білім алуға мәжбүр. Соныңесебінен басқа мектептердегі оқушылар саны тиісті талаптан көп болып отыр.Айталық, «Усолка» шағынауданындағы №25 мектептегі оқушылар саны «Затон» шағынауданыныңбалалары осында оқитындықтан, белгіленген нормадан шамамен екі есеге көп.
Атқамінерлершешімді сан мәрте өзгертіп, нақтылық танытпаған соң, ата-аналар мен оқушылардыңбасы әбден қатты. «Біз баламыздың өз ана тілінде білім алғанын қалаймыз.Сондықтан алыс та болса, қала шетіндегі қазақ мектебіне бердік. Себебі өзүйіміздің маңайында мемлекеттік тілде оқытатын орын жоқ. Балалар қыстың қақағансуығында да, мамырдың ыстық күндерінде де аялдамада ұзақ уақыт автобус күтіп, мектепкебарып-келулері қиын болғанына қарамастан, үйдің қасындағы орыс мектебіне бергенжоқпыз. Пәлен жыл бойы «Затон» шағынауданына бір қазақ мектебі керек дегенұсынысты талай әкімқараға айтып жүрсек те, нәтижесі болмады. Тек былтыр күзде жаңамектептің қабырғасы қаланып, кеудемізде үміт оты жанды. «Ол қазақтілді мектепболады» дегенді естігенде бөркімізді аспанға атып қуанған едік. Бірақ бұлшаттық көпке созылмады. №13 мектептің ата-аналары «бұл мектеп біздің балаларғатиесілі» деп, байбалам сала бастады. Тіпті облыс әкімін арнайы шақырып,шәкірттерге ешқандай жағдай жасалмағанын көрсетті. Иә, әр бала заманауиталаптар негізінде оқуы тиіс. Бірақ бұл сол үшін қазақтілді мектепті өзгелергеберіп қою керек дегенді білдірмесе керек», – дейді Павлодар қаласының тұрғыныБақыт Қайдаров.
№13 мектептегі ата-аналардыңайтар өз уәждері бар. Олардың да жаңа мектепті ешкімге бергісі жоқ. «№13 мектеп балабақша ғимаратындаорналасқан жалғыз білім ордасы. Мұндағы асхана, мәжіліс және спортзал, дәліздермен кабинеттер өте тар. Киім ілетін жермен денешынықтыру пәніне киім ауыстыратын орын мүлде жоқ. Санитарлық тораптаржетпейді. Білім беру бөлімі жаңа мектептің біздің балаларға арналып салыныпжатқанын хабарлағанда қуанып қалдық. Ал кейін «жаңа мектеп қазақтілді балаларғаберіледі, сендердің балаларың осы балабақша ғимаратында әрі қарай оқиды» деді.Бұл жаңалық төбемізден жай түсіргендей болды. Шәкірттер онсыз да жиырма жылбойы аядай ғимаратта оқып жүр. Оларға да жағдай жасап, заманауи тұрпаттағы ғимаратқа көшіретін кез келген шығар»,– дейді Ольга Коршунова.
Жаңа мектептіңоқыту тіліне қатысты мәселе ата-аналарды ғана емес, қоғам белсенділерін деалаңдатпай қоймады. Әлеуметтік желілерде «Қазақ балалары жаңа мектепте оқуытиіс», «Білдей бір шағынауданда мемлекеттік тілде оқытатын тым құрығанда біроқу орнының болмауы сұмдық емес пе?» деген сипаттағы жазбалар қалдырып, ұлтжандыазаматтарды бұл іске бейжай қарамауға, шет қалмай үн қосуға шақырған еді. Тіптіоблыс басшылығына тиісті ұсыныстар белгіленген хат та жазған көрінеді.
Бұл іске қатыстыардагер ұстаз Рымкеш Қабиденқызы өз ойын білдірді. Оның айтуынша, тәуелсіз елдеоқыту тіліне қатысты мәселенің туындауы ойға қонымсыз, қисынсыз дүние.
– Кеңестік кезеңдеПавлодар қаласында таза қазақ тілінде оқытатын жалғыз мектеп болды. Шаһардың әршетіндегі қазаққа шынымен жаны ашитын азаматтар балаларын осы мектепке берді.Кейін егемендік алып, еңсемізді тіктей бастаған соң, орыс мектептерінің ішіненқазақ сыныптары ашылып, тек мемлекеттік тілде білім беретін мектептер салынып, марқайыпқалып едік. Ал жаңа мектепке қатысты мына бір дау жүрегіме батты. Иә, «былайтартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынады». Бірақ біз қашанғы сол баяғымомындығымызға салынып, өзімізден бұрын, өзгелердің қамын ойлап жалтақтайбереміз? Екі тарапты әбден әбігерге салған мұндай мәселе туындамау үшін әкімдікәуелден тоқетерін айтып, нақты шешім қабылдауы керек еді, – дейді зейнеткер.
Соңғы шешімдіжергілікті билік жақында ғана қабылдады. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов жаңамектептің аралас болатынын хабарлады. Одан қалса, №13 мектептің бастауыш сыныпоқушылары үшін жаңа мектептің жанынан қосымша ғимарат салынады екен.
– Қашықтан оқытуаяқталған соң, №13 мектептің 5-11 сынып оқушылары жаңа мектепке барады. Жақынаумақта орналасқан қазақтілді мектептердің шәкірттері де осы білім ордасындаоқитын болады. Сондай-ақ бастауыш сыныптың балаларына арнап 250 орындық қосымшағимарат саламыз. Орын бәріне жетеді, – деді ол.
Осылайша қазақмектептерінің жүктемесін азайтуы тиіс болған оқу орны аралас мектепке айналыпшыға келді. Әкім айтпақшы, орын барлығына бірдей жете ме, жоқ па, оны уақыткөрсетер. Ал аралас мектептен қазақылықтың иісі шығып, ұлтжанды азаматтардыңөсіп шығуы екіталай.
МәриямМАҚСАТ
Павлодар облысы