Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:36, 16 Тамыз 2019

Сот қытай компаниясына шағымданған жұмысшылардың талабын қанағаттандырмады

Бүгін Ақтөбеде қалалық №2 сот судьясы НазгүлҚАНАПИЯ «Sagiz Petroleum Company» компаниясынақатысты үкім шығары.

Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілші Жанар ҚОЖАНОВА хабарлайды.  

Ақтөбелік жұмысшыларына алты жыл бойыжалақыға қоса берілетін экологиялық үстемақыны төлемеген қытайлық компаниянысотқа берген болатын. Алайда судья мұнай шығарумен айналысатын қытайлықкомпанияға жұмысшылар күткендей 6 жылдың емес, тек бір жылдық үстемақысынөндіруге ғана шешім етті.

Оқи отырыңыздар:Ақтөбелікмұнайшылар қытай компаниясымен соттасып жатыр

Яғни сот 2017 жылдың тамызы мен 2018 жылдыңмаусым айына дейінгі аралықтағы үстемақыны өндіру туралы талаптықанағаттандырды. Жұмысшылардың өздері құқықтарының бұзыдғанын 2017 жылдың тамызында білген. Ал 2013 жылдан2017 жылдың тамызына дейінгі аралықты өндіру арызын қанағаттандырусыз қалдырды.Себебі арыз түсіру уақыты өтіп кеткен деп түсіндірді судья Назгүл Қанапия.

Оқи отырыңыздар: Елбасыакадемиясы президенттерді дайындай ма?

«Sagiz Petroleum Company» ЖШС-ніңүстінен 50-ден астам жұмысшы шағымданған болатын. Сөздерінше ұжымдықкелісім-шартта  жұмыс орнына байланыстыәр мұнайшыға жалақысына қосып экологиялық үстемақы төленетіндігі жазылған.  Алайда мұнайшылар алты жыл бойы көк тиын даалмағандарын айтып, сот арқылы өндірмек болған еді. Дегенмен сот мұнайшылардыңарызын ішінара қанағаттандырды. Сотан мұндай шешім күтпеген жұмысшылар ендіқайта аппеляциялық жағым түсірмекші.

«Келісімшартбойынша 2013 жылдан бастап төлеу керек еді. Төлемеген өздері кінәлі ғой. Сотнеге екенін білмейм бір жылдікін ғана есептеп шығарып тұр.  Ертең заңгерімізбен ақылдасып қайта аппеляциялықшағым түсіреміз», —  дейді қытайкомпаниясында жұмыс жасайтын Нұрболат МАҚАТОВ.

Фото: advisorhub.com

Тегтер: