Суды тасып ішетін тұрғындардың мәселесі шешіледі

Шымкентқаласындағы Бадам шағын ауданына қарасты 195-орам тұрғындары биыл толығыменауыз су мен көгілдір отынға және электр жарығымен қамтамасыз етілетін болады.
— Аталған шағын ауданның тұрғындарымен кездескенӘл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов осылай деді. Кездесу барысында аудан әкімі барлық инфрақұрылым жұмыстарыаяқталған соң асфалть жол төселіп, қоғамдық көлікте қатынайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта мектеп пен балабақшасалынатынын да атап өтті,-деп хабарлады Шымкент қаласының әкімдігі. Бұған дейін 195-орамдағы 300-ге жуық отбасы суды тасымалдаппайдаланып, жеке меншік қуат реттегіштен қымбат энергия жарығын алып келген.Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары тоқтаусызжүріп жатыр. Жауапты мердігер компания «Жәнібек Айдос» ЖШС-нің прорабы ТеңелЖақсымұратовтың айтуынша, құрылысжұмыстары қарашада аяқталады.