Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:13, 16 Сәуір 2020

Татарлар дегеніміз кімдер және «булгарлар» деп кімдерді айтқан?

Егер біз дәлірек немесе нақтырақ айтар болсақ,татарлар деп – өз уақытында орыстар (немесе  славяндар) көшпелі қыпшақ тайпаларын,  яғни  қазіргіқазақтарды айтқан.

Бұл күнгі  татарлар –олар мыңдаған жылдар бойы Кама болгарлары (немесе Булгария) деп көнеден аталыпкелген. Бұлар Кама өзенінің  ұлан-ғайырдаласында  тіршілік еткен, қала соғып,бала оқытып, қолөнерін дамытып және егін шаруашылығымен айналысқан, ертеденөзіндік мәдениеті қалыптасқан қалалық ел-жұрт. Булгарлардың (енді бұдан әріоларды өздері жазып және айтатындай – булгар деп жазамыз) іргесіндегі славяндардан,бергі жағындағы қыпшақтардан сол кезеңдерде білім қуған сауаттылығы мен тұрмыстықмәдениеті, шынында да, әлдеқайда жоғары болған.

       Татарлар деген кімдер?

     Бұл атаумен славяндар қаншама ғасырлар өздерін талай реттығырыққа тіреп, қалалары мен елді мекендерін тонап кетіп отырған, адамдарын құлдыққатүсірген Ұлы даланың көшпелі ру-тайпаларын атаған. Кезінде кәрі қытай өзіне қаншамағасыр маза бермеген қалмақ елін «жуун-гар» (қарақшылар деген мағынада) депатаса, көшіп-қонып жүретін, орманнан шыққан қалқалық буряттарды «мон-гол» (малшыларнемесе бақташылар) деп атаған. Еуропа ғалымдарының талай ғасырлар бойы зерттеуіосындай қорытындыны шығарып отыр. Сол сияқты славяндар да біздің көшпеліата-бабаларымызды «татарлар»  депүкілеген. Нақтырағы – талқандаушы,күйзеліс әкелуші  қара күш деген сөз. Бұлсөздің шығу тарихы Алтын Орда империясының тұсында пайда болған.Қыпшақ-қазақтардың ұлы сардары  Батылдың(орыстар бұл есімді – Батый, кәрі құрлық елі – Бату деп жазған) көне Русь пенЕуропаға жасаған ұлы жорығынан бастау алған.

   Алтатар атын иеленіп жүрген, қазіргі Кама өзені өлкесін мекен еткен ел кімдер?

      Бұлар ертеден осы аймақта өсіп-өніп, тіршілікетіп келе жатқан кезіндегі Ұлы Болгария мемлекетінің тұрғындары. Ең алғаш бұлқағанаттың негізін қалап, ұзақ жылдар хандық құрған Құбырат (Кубрат) ханболатын. Осы күнгі Татарстан бұл ханды біздің мемлекетіміздің алғашқы іргесінкөтеруші, Кама жағалауын  қоныс еткенбулгар жұртының (қазіргі татарлардың) ұлы тұлғасы деп біледі. Сол Болгария өзуақытында  қазіргі Украина мен СолтүстікКавказдың да аумағын алып жатқан. Кейін дүниеден өткен соң, ұлы ханның екі ұлытаққа таласып, сыйыса алмай, өздеріне тиесілі ел-жұртты алып, екіге айырылады.Іргесіндегі тынымсыз хазар тайпаларынан (Каспий қыпшақтары) әрдайым соққы көріпжәне інісінің жауласуынан құса болған хан Аспарух (үлкені) елін алып, алысқажол тартады. Сөйтіп, Дунай жағасынан бір-ақ шығады. Осы жаңа қонысқа тоқтап,Болгария мемлекетінің негізін салады (осы күнгі Болгария). Ал інісі өз атақонысындақалып, Кама  Болгариясы мемлекетін  құрады. Яғни қазіргі татар тарихшылары жазатынБулгария (олар «О»-ның орнына «У» әрпін қолданады). Бұл хандықтың астанасықазіргі осы елдегі Булгар қаласы болған.

   1396 жылы Булгар қаласы мен осы аттасмемлекет Алтын Орда империясының соққысынан тас-талқаны шығып қирайды жәнеимперия құрамына кіреді. Кейін бірнеше ғасыр өткен соң, Булгар хандығы әзерқалпына келіп (орданың құрамында болса да), астанасы болып Қазан қаласыбелгіленеді. Дегенмен бұл қала ұзақ уақыт «Болгар-аль-Джадил»  деп аталады.  Нақтырағы – «Жана Булгар».

   Сонымен, бұлБулгар елі татарлар деп қалай аталды?  

   Осы арада біз азырақ шегініс жасап,  қыпшақ елін,  яғни Алтын Орда империясынқұрушы әрі билік жүргізуші қыпшақ жұртын айта кетейік. Өз заманында іргесіндегі«татар» деп жалпы түрде аталатын көшпелі қыпшақ тайпаларынан қаншама ғасыртепкі көріп келген орта ғасырдағы орыс елінің князьдықтары уақыт өте келе,  біртіндеп жинақталып, біріге бастады. Бұлайетпейінше, қыпшақтарға бодан жұрт болып қала беретінін  анық сезді. Алтын Орда империясына үш жарымғасырдай бағынышты болып келген славяндар орданың ішкі тартысын әрдайымпайдаланып, ақырындап тұрғындарының санын өсіріп, күшін жинап, аумағын кеңейтіп,бодандықтан ептеп болса да  арылабастады.

    Орыстардың серпіліп, толық  азаттық алып кетуі әсіресе Самарқан билеушісі Әмір Темірдің тұсынан басталады.Темірдің Алтын Ордаға үш рет соққы беріп, жеңіске жетуінен кейін ордалықтарбұрынғы күш-қуатынан айырылып, тығырыққа тірелген еді. Сондай-ақ ішкі, таққаталас та бұларды мүлде әлсіретіп жіберген болатын. Ақыры орыстар бостандыққашығып, дербес ел болды. Енді біртіндеп өздері күшейіп, жаңа өлкелерді жаулап ала бастады. Дүние қашанда дөңгелек дегеносы ғой. Кезінде өздері «татарлар»  депатайтын (орыстардың түсінігінде – қара күш) қыпшақтарды ығыстыру және бұларғақарсы жорықтар ұйымдастыру жиіледі. Келе-келе бұрынғы Алтын Орда аумағынанасып,  тіпті қыпшақ тайпаларының бастытірегі болып саналатын Орал таулары мен Сібір аймақтарын тартып ала бастады. Қыпшақжұртының атақонысы болып келген Еділ мен Жайық аралығы, Сібірдің сулы, нулыөлкелері, ашығын  айтар болсақ,  Қажы-Тархан (Астрахан), Сары тау (Саратов), Орынбор,Сіләм би (Челяби, Челябинск), Қорған, Түмен, Үркіт (Иркутск), Бай көл (Байкал),Тоң  (Томск) және Омбы аймақтары ХVІ-ХVІІІғасырлар аралығында  қыпшақ-түркілердентартып алынды. Ойсырай  ұтылып, керішегінген қыпшақ тайпаларының қолында Тобыл өңірі, Қызылжар атырабы, Көкшетауаймағы, Торғай даласы, Сарыарқа жазығы  (Желтая ровнина) және Каспийдің бергі аумағы,  сонымен қатар Қаратау маңайы, Сырдария өлкесіжәне Әулиеата өңірлері ғана қалды.

   Біздің тағы бір түсіндіреріміз, сол кездердеқазіргі Зайсан, Тарбағатай, Гүршім (Күршім), Жоңғар Алатауы, Жетісу өңірі(Шарын,  Кеген, Қаскелең, Боралдай,Сарқан және Алтын Емел), сондай-ақ Іле өзенінің екі қапталы, Қырғыз елініңжартысы (Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауы, Үлкен Кемік алқабы, Түп жағалаулары) жәнеШәуешек, Құлжа, Үрімші өлкелері қалмақ елінің иелігінде болатын. Бұл атыаталған шұрайлы аймақтарды қалмақ елі ХVІІ ғасырдың ортасына дейін мекендеп келгенеді. Кәрі қытайдың тілімен жуун-гар (қарақшылар деген сөз) деп аталғанқалмақтар қазақ пен Орталық Азия елдерін жаулап алу жорығын бастаған кезде алғашындажаңғақтай шашылып қалған қазақтар тез есін жиды. Сонау бір алыс кезеңдерде  орысқа шұрайлы өлкелерін алдырып қойғантүркі-қыпшақтар ақырғы қоныстарынан айырылып қалмау үшін барын салды. Дегенмен таққаталасып, ішкі бірлігінен айырылған қалмақтар жасырын жоспар құрып, «сендерге  көмек берем» деп алдаусыратқан  Қытай жорығынан аяусыз қырғын тауып,хандығынан да, елдігінен де  айырылыптынды.  Қаншама ғасыр мекен еткен атақонысыиен қалды.  Бірақ басқыншы  қытайлар қалалық ел болғандықтан, тұрғындарынқырып тастаған бұл өңірлерге  бірден келеқоймады. Осы шұрайлы аймақтардың бос қалғанын аңғарған қазақ жағы Абылай ханныңкөреген саясатының арқасында Цин династиясымен келіссөз жүргізіп, жылына 1000-дайарғымақ беру арқылы жаз жайлауына пайдалануға келісті.  Келе-келе осы құнарлы өлкелер  қазақтың бақ қонған құтты қонысына  айналды.

               Енді өзіміз сөз еткен басты тақырыпқакелейік

       Уақытөте келе, қос құрлыққа қанат жайған Ресей империясы өзінің құрамындағы, кезіндеөзіне  үстемдігін жүргізген азиялықкөшпелі тайпаларды жалпы атаумен «татарлар» деп атағанын білеміз. «Татар» дегенсөздің орыс ұғымында қандай мағына беретінін  жоғарыда айтып өттік.  ХІХ ғасырдың басынан бастап Ұлы дала елінқырғыздар деп атады (қазақ ғалымы Ш.Уәлихановтың тұсында). Осы атаумен бүкілАлаш елі бір жарым ғасыр жүрді. Сол кездегі орыс географиялық қоғамының құжаттары қырғыз атаумен жазылып,  Ресей билігінің іс жүргізушілері  Ұлы даламен байланысын осы атаумен  жүргізді. Тек ХХ  ғасырдың 30-жылдарыныңорта тұсынан ұлт зиялыларының араласуымен қазақ атауы халқымызға қайтып оралды.

   Ал қазіргі татар аталып отырған ел өзініңежелгі мемлекетінің   ұлы атауы – Булгарияны қайтарып алу үшінқаншама ғасыр күрес жүргізді. 1862 жылы «Камалық   булгармұсылмандары кеңесі» құрылып, ұзақ жылдар осы атауды қайтарып алу үшін қажымай-талмайәрекет етті. 1917 жылдың маусым айында Қазанда татардың көрнектіқайраткері  Садри Максуди бастаған осыелдің зиялы қауым өкілдері  жалпыұлттықсъезд өткізіп, өздерінің бұрынғы булгар атауын қайтарып алған еді. Бірақ Мәскеубилігі бұл атауды мойындамай, съезде қабылданған құжаттарға қол қоймай, керіқайтарды. Тұтас бір ұлтқа күшпен таңылған бөгде атау өзгертусіз сол күйінде қалды. Кама жағалауының  жұрты мақтанышпен еске алатын ҰлыБулгария  есімі қайтып оралмады. Осыарада біздің  Әлихан Бөкейханов, АхметБайтұрсынов  және Сәкен Сейфуллинбастаған қазақтың ауыз толтырып айтар басқа да ақиық азаматтарыныңКремльді  мойындатып, қазақ атауынелімізге қайтарып бергеніне мың да бір рақмет айтуымыз керек.

   Қазіргі татарлар өзінің ата-бабасынан кележатқан қасиетті булгар немесе болгар есімін қайтарып алу үшін қаншамакөтеріліске шықты. Бұл арада біздің айтарымыз, осынау құдіретті де қасиеттіатауды қайтарып алу үшін олар көптеген құрбандықтарға барып, тар жол, тайғақкешті. Әсіресе 1753 және 1755 жылдары бүкіл Кама бойында өзінің ұлттық атауынқайтарып алу жөнінде  орыс империясынантабанды түрде талап еткен қанды көтерілістер ұйымдастырылды. Бірақ ешқандайнәтиже шықпады. Кезінде  Ұлы  даладан  бастауын алған   Батылдың  Русь пен Еуропаға жасаған даңқты жорығынанкейін өздеріне масқара болып жабысқан «татар» атынан булгар жұрты құтылаалмады.

   1922жылы М.Худяков «Мусульманская культурав Среднем Поволжье» атты кітабында«Массасовременных казанских мусульман и в настоящее время не считает себя татарами, азавет себя болгарами» депжазыпты.  Сондай-ақ 1926 жылы бүкілодақтықсанақ кезінде сол кездерде  1,5миллиондай болатын осы күнгі татарлар өздерін болгарлармыз деп көрсеткен екен.Дегенмен тоңмойын Кеңес Одағы олардың талап-тілегін, өтініші мен сұранысынқанағаттандырмады.

   Тіпті ширек ғасыр бұранғы  М.С.Горбачевтің қайта құру реформасы тұсындада, дәлірек  айтқанда 1989 жылы, Татарстанбилігі мен татар жұрты қайтадан өзінің төл атауы – Булгарияны қайтарып алу үшінсол кездегі Кеңес Одағының Орталық комитетіне (ЦК КПСС)  мыңдаған адамның қолын қойып, болгар немесе булгаресімін қайтарып беруге  хат жолдайды.Дегенмен бұл жолы да орталық билік ұлт сұранысын ескерусіз қалдырды.

   Тұтас ел-жұрттың қаншама ғасыр  өкінішіне айналған «татар» атауын алыптастау  сөзбұйдаға салынып әлі келеді.Олар булгар есімін мойнындағы тұмарындай қадыр-құдірет тұтады. Осыой-пікірімізге дәлел болу үшін бұл елдің абыройлы да көрнекті азаматы Талгат Таджуддиновтің(муфтий и шейх-уль-ислам, глава Центрального духовного управления мусульман Россиии европейских стран СНГ) сөзін, оның орыс тілінде айтқанын  мысал ретінде келтіре кетейік. «И так уж настатарами обзывают, хотя на самом деле мы булгары… А  болгары – (Республика Болгария) это ближайшиеродственники булгар. Просто одни остались на Каме, а другие ушли дальше, наДунай, и смешались с остальными».

   Өз уақытында Алтын Орда империясын құрған қыпшақ-қазақтардың  ұлы сардары Батылдың жорығынан кейін өздерінепәле болып жабысқан  осы атауменұзақ  ғасырлар бойы аталып келе жатса да,бұл ел өзінің тілі мен дәстүрін, діні мен салт-санасын және әдебі мен әдетін жоғалтпай,ұлы ұлт ретінде сақталып келеді.

Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК,

 Журналистер одағының мүшесі

  

Тегтер: