Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:00, 01 Сәуір 2024

Тоқаев Әзірбайжан басылымына берген сұхбатында не айтты

1
Фото: из открытых источников

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапары қарсаңында APA ақпарат агенттігіне сұхбат берген болатын. Біз сол сұхбатты талдап, президент айтқан кей тұщымды ойларды ұсынып отырмыз.

Мемлекет басшысы сұхбат барысында алдымен Әзірбайжан мен Қазақстан халқының ежелден туыс, бауырлас екенін айта келіп, екі елдің достығының берік орнағағнын тілге тиек етті. Сонымен бірге Тоқаев Әзірбайжан президенті Ильхам Гейдар оглы Әлиевті президенттік сайлауда жеңіске жеткенімен құттықтады. Қазақстан президенті бұл сапарының екі ел арасындағы ынтымақтастықтың артуының тағы бір себебі болатынын да атап өтті. Бұған дейін екі ел арасында 40 шақты маңызды құжатқа қол қойылған.

“Саяси, сауда-экономикалық, транзиттік-көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда байланыстарды орнату бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылдан бастап елдеріміз арасындағы тауар айналымы бес есеге жуық өсті (109-дан 529 миллион долларға дейін). Бұл әсерлі өсім, және біз одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отырмыз”, - деді Тоқаев.

Тоқаевтың Әзірбайжанға сапары барысында бірнеше жоба жүзеге асқалы тұр. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (Орта дәліз) өткізу қабілетін кеңейту, Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) және энергетикалық кабельді тарту, мұнай мен уранды экспорттау. Әзірбайжан арқылы, ал бидайды Қазақстаннан Әзірбайжан нарығына жеткізу. Бірқатар бірлескен бастамалар екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және туристік санын арттыруға бағытталған жобалар бар.

Президент Транскаспий халықаралық көлік маршрутының Қазақстан үшін маңызды екенін айтты. Ол алдағы уақытта Каспий жағалауындағы теңіз порттарымызды ауқымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінетін атап өтті.

“2030 жылға қарай 11 мың шақырымды жөндеп, 5 мың шақырымнан астам жаңа темір жол салуды көздеп отырмыз. Бұл елдің көліктік мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады. Бүгінгі таңда трансконтиненталдық сауданы ілгерілету мен дамытудағы Транскаспий халықаралық көлік маршрутының немесе «Орталық дәліз» деп аталатын жолдың рөлі тез өсті. Бұған осы бағыт бойынша 2022 жылы екі есеге, ал 2023 жылы тағы 65 пайызға артып, 2,7 миллион тонна жүкке (2022 жылы 1,7 миллион тонна) дейін өскен жүк тасымалдау көлемі дәлел”, - деді мемлекет басшысы.

Президент екі ел арасындағы стратегиялық және одақтастық мағынада шынайы берік қарым-қатынастар бұдан да берік болатынына сенім білдірді. Сонымен бірге Тоқаев өзінің әзірбайжанға сапары барысында Қарабақты жандандыруға арналған Қазақстан тарабы салып берген Құрманғазының есімімен аталатын Балалар шығармашылық орталығын ашуға да баратынын атап өтті.

Сқхбаттың толық мәтінін мына жерден оқып аласыздар

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзірбайжан еліне сапарлады. Сапар барысында Әзірбайжан президентімен бірқатар мәселелерді талқылап 6 құжатқа қол қойды.

Тегтер: