Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:09, 09 Қаңтар 2025

Трамптың арнайы өкілі Украинадағы соғысты тоқтатуға 100 күн жететінін айтты

Зеленский, Трамп, Путин
Фото: Reuters/РИА «Новости»

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп инаугурациядан кейін 100 күн ішінде Украинадағы қақтығысты тоқтата алады. Бұл туралы Трамптың Украина мен Ресей бойынша арнайы өкілі Кит Келлог Fox News арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Келлог «жеке және кәсіби» деңгейде қақтығысты шешуде нәтижеге жету үшін өзіне 100 күндік мерзім белгілегісі келетінін атап өтті.

"Менің ойымша, ол [Трамп] мұны жақын арада жасай алады. Мен оның осы соғыс шынымен аяқталатын нүктеге жету қабілетіне қатты сенемін", - деді ол.

Сонымен бірге, Келлогтың айтуынша, Трамп Украинадағы реттеу кезінде Мәскеуге де, президент Владимир Путинге де жеңілдік жасамақ емес.

"Менің ойымша, адамдар оның Путинге де, ресейліктерге де ештеңе бергісі келмейтінін білуі керек. Ол Украинаны құтқарып, оның егемендігін сақтап қалуға тырысады және оның әділ орындалатынына көз жеткізеді", - деді Келлог.