Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:00, 29 Желтоқсан 2023

Түркияда ірі жол апаты. 10 адам қаза тауып, 61 адам жарақат алды

жол апаты
Фото: Fotoğraf: DHA

Түркияның Солтүстік Мармара тас жолында болған ірі апаттан 10 адам қаза тауып, 61 адам жарақат алды.

Тас жолда жеті көліксоңысып қалған, деп хабарлайды Anadolu.  Апат себебі әлі анықталған жоқ, бірақ оқиға кезінде тас жолда қою тұман болғаны белгілі.

"Тас жолдың Ыстамбұл бағытында белгісіз себептермен жеті көлік, оның ішінде үш автобус пен бір жүк көлігі жол апатына ұшырады. Олардың арасында Гиресундағы жерлеу рәсімінен қайтып келе жатқан автобус бар", - деп хабарланған.

Оқиға орнына полиция, дәрігерлер, өрт сөндірушілер мен жол жұмысшылары шұғыл жеткен. Апаттан кейін Ыстамбұл бағытындағы тас жолда көлік қозғалысы уақытша жабылды. Қазір қозғалыс қалпына келтіріліп, қираған көліктер жолдан шығарылған.

Он адамның қаза тапқаны расталды, олардың ең кішісі 16 жаста, ең үлкені 58 жаста. Қазір бір марқұмның жеке басы анықталып жатыр.

Оқиға орын алған Сакария облысының прокуратурасы апатқп қатысты тергеуді бастады. Сакария губернаторы Яшар Карадениз зардап шеккендердің он түрлі ауруханаға жеткізілгенін айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғадан зардап шеккендердің кейбірін адамдар көліктерінен түсе бастағанда артта келе жатқан автобустар мен жеңіл көліктер қағып кеткен.

Тергеу аясында алты жүргізуші ұсталды, жетінші жүргізуші медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қамауға алынады.

Тегтер: