Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:52, 15 Тамыз 2024

Украина мен Ресей тұтқындар айырбастау туралы келіссөздерді бастады

ы
Фото: glavnoe.in.ua/ СБУ

Украина мен Ресей Курск облысында тұтқынға алынған әскери тұтқындарды айырбастау туралы келіссөздерді бастады.

Бұл туралы 14 тамыз күні кешке Украина омбудсмені Дмитрий Лубинец мәлімдеді. Оның айтуынша, ресейлік тарап келіссөздер жүргізу туралы ұсыныспен келген.

Украина әскери барлауының өкілі Financial Times басылымына айырбас бойынша жұмыстың басталып кеткенін растады.

Курск аймағындағы шабуыл кезінде Украина қарулы күштерінің қанша ресейлік әскери қызметкер тұтқынға алынғаны ресми түрде белгісіз.

Британдық Independent басылымы аты-жөнін атамаған «украиндық полковникке» сілтеме жасап, екі мыңға жуық ресейлік сарбаздың тұтқынға алынғанын жазды.