Украинада Ресейдің Иранға барлау деректерін бергеніне дәлел бар — Зеленский
Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің Мәскеудің Иранға барлау мәліметтерін бергенін дәлелдейтін нақты айғақтары бар екенін мәлімдеді.
Украина басшысы бұл туралы 23 наурыз, дүйсенбі күні Х әлеуметтік желісінде жазған.
«Бізде ресейліктердің ирандық режимге барлау деректерін беруді жалғастырып отырғанын дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар бар», — деді ол.
Report by Chief of the Defense Intelligence of Ukraine Oleh Ivashchenko.
— Volodymyr Zelenskyy / Володимир Зеленський (@ZelenskyyUa) March 23, 2026
First, we have irrefutable evidence that the Russians continue to provide intelligence to the Iranian regime. Russia is using its own signals intelligence and electronic intelligence capabilities, as well… pic.twitter.com/ij5JE0XPkX
Зеленскийдің айтуынша, бұл ақпарат Украинаның Қорғаныс министрлігіне қарасты Бас барлау басқармасының басшысы Олег Иващенко ұсынған баяндамаға негізделген.
Оның сөзінше, Ресей радиотехникалық және радиоэлектрондық барлау мүмкіндіктерін пайдаланып, сондай-ақ Таяу Шығыстағы серіктестерінен алынған деректердің бір бөлігін Иранға жеткізуде.
Наурыз айының басында The Washington Post басылымы Ресей Иранға Таяу Шығыстағы америкалық әскерлерге соққы жасау үшін барлау мәліметтерін беріп отырғанын жазған.
АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф мұны жоққа шығарды. Ал Дональд Трамп Мәскеу Тегеранға «аздап көмектесіп жатыр» деген пікір білдірген.
Сонымен қатар, өткен аптада The Wall Street Journal Ресейдің Иранмен әскери ынтымақтастығын және ақпараттық қолдауын күшейткенін хабарлаған.