Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:15, 02 Қыркүйек 2025

Үндістан Ресеймен бірге шағын АЭС салғысы келеді

Путин
Фото: ашық дереккөз

Үндістан Ресеймен бірлесіп шағын қуатты атом электр станцияларын – құрлықтағы, қалқымалы және жылдам нейтронды реакторларды салуды жоспарлап отыр.

 Бұл туралы «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев журналистерге айтты.

«Үндістан экономикасын дамыту құжаттарында өте ауқымды мақсат қойылған – қазіргі 9 гигаваттық атом энергетикасын 2047–2048 жылдарға қарай 100 гигаватқа жеткізу, яғни он еседен астам арттыру. Бұл, әрине, ынтымақтастықты күшейтуді, ең алдымен Үндістанда біздің реакторларды салуды білдіреді», - деді Лихачев.

Оның сөзінше, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди дүйсенбі күні елдің қай бағытта ынтымақтастықты кеңейткісі келетінін атап өткен.

Тегтер: