Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:21, 24 Шілде 2020

Үшінші мегаполисте 560 дәріхана жұмыс істейді

Шымкенттедәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Мұндай мәлімдемені қалалық денсаулық сақтаубасқармасы басшысының міндетін атқарушысы Т.

Варзилов жария етті.

— Қалада дәрі-дәрмек құралдары мен медициналыққұрал-жабдықтардың 10 ірі көтерме жеткізушісі бар. Тіркелген730 дәріхананың 560-ы жұмыс істейді. Жалпы, соңғы 7 күн ішінде Үкімет тарапынанарнайы бөлінген 2 ұшақпен және фарм компанияларының біржолғы рұқсатымен бірұшақ, Үндістан, Ресей, Украина, Өзбекстан елдерінен 9 жүк көлігі жеткізілді.Бір жолғы рұқсатпен 8 фарм компаниясына дәрілік заттарды қалаға әкелуге рұқсатберілді. Дәрі-дәрмектер қаланың барлық ірі жеке дәріханаларына және 13 емдеумекемелеріне жеткізілді. Бүгінгі күні қалада дәрілік заттардың негізгі қорыжеткілікті. Оның ішінде температураны төмендететін 47500 қорап, вирусқа қарсыпрепараттардың 71300 қорап, 65300 антибиотик, 39658 антикогулянттар, с – 22400витамині, 453122 жеке қорғаныс құралдары бар, — деді Т. Варзилов.

Тегтер: