Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:48, 30 Шілде 2024

Венесуэлада сайлау нәтижесіне қарсы жаппай наразылықтар басталды

в
Фото: euronews.com

Венесуэлада президенттік сайлаудың нәтижеcіне қарсы жаппай наразылық шерулері өтті.

Ұлттық сайлау кеңесі Венесуэланың қазіргі басшысы Николас Мадуроның президенттік сайлауда жеңіске жеткенін жариялағаннан кейін халық Каракас пен басқа да қалалардың көшелеріне шықты.

Барлығы кацеролазодан (бос кәстрөлдер маршы) басталды – қатысушылар жарияланған нәтижелерге наразылық білдіру үшін кәстрөлдер мен табаларды ұрды. Осыдан кейін көшедегі наразылықтар полициямен қақтығысқа ұласқан.

Полиция көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқтарды қолданған. Бұған жауап ретінде кейбір демонстранттар оларға тас, жанғыш сұйықтық құйылған бөтелкелер және басқа да заттарды лақтырды. Мадуроны қолдайтын әскерилендірілген ұйымдардың мүшелері «коллективтер» наразылық білдірушілерді таратуға көмектесті. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, наразылықтар кезінде кемінде екі адам қаза тапқан.

Мадуро халыққа сөйлеген сөзінде «фашистік және контрреволюциялық сипаттағы мемлекеттік төңкеріс жасау» әрекеті болғанын мәлімдеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен «жарияланған нәтиже Венесуэла халқының шынайы таңдауын көрсетпейді деген елеулі алаңдаушылық бар» деді.

Еуропалық Одақ пен Бразилия дауыстарды санаудың ашықтығын талап етті.

Ал, Путин Мадуроны қайта сайлануымен құттықтап үлгерді.