Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы неге жазаға тартылмай отыр?

Басшыларыныңнемкеттілігінен өзіне «коронавирус індетін жұқтырдым» деп санайтын Меркіаудандық ауруханасының инфекционист дәрігері Толқынай Ордабаеваның әлеуметтікжелідегі жазбасы әлеуметті дүр сілкіндірді.
Өз кезегінде «Жас Алаштың» Жамбылдағы тілшісі бұл мәселеге кеңінен тоқталды.
Артынша, Жамбылоблысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев жүргізген тексеру кезіндеауруханадағы басқа да былық-шылықтар анықталды. Нәтижесінде ауруханада ойларынакелгендерін істеп келген Меркі аудандық ауруханасы бас дәрігердің міндетінатқарушы мен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының балдыздары,Меркі аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мен бас есепшіқызметтерінен қуылды.
– Комиссия аудандықаурухана жұмысының, оның ішінде дәрігерлер Толқынай Ордабаева мен ҚаламқасТөреқұлдыңөтініштерінде көрсетілген фактілер бойынша тексеру шараларын жүргізді. Көптегенмәліметтер расталды. Ұжымда жағымсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқандесек, оған бірінші кезекте емдеу мекемесі басшылығының өз кәсіби міндеттерінежауапсыз қарағандығы себеп болған,- деді Е.Жылқыбаев.
Жол берілген заңбұзушылықтар негізінде Меркі аудандық ауруханасы бас дәрігердің міндетінатқарушы Д.Нүсіпбаев, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Шойбековажәне бас есепші Қ.Мұқаева қызметінен босатылған.
«Жас Алаш» бұғандейін бас дәрігердің орынбасары мен бас есепшіні Жамбыл облыстық денсаулықсақтау басқармасының басшысы Жұманқұловтың балдыздары екенін жазған болатын. Осы мәселеге қатысты «Nur Otan» да тексеріп,олар Меркі ауданы әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары мен Меркіаудандық ауруханасы бас дәрігердің міндетін атқарушыға тәртіптік жаза қолданғанеді.
Ал енді бұл арада «Жамбылоблыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловқа қандай жазақолданды» деген сауал туындайды.
Жалпы, жамбылдықкөзі ашық азаматтар Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысыМарат Жұманқұлов жайында «жақсы адам, бірақ білікті, мықты ұйымдастырушы емес»деген пікірде. Оның өзіне қарасты шалғайдағы аурухана-емханадағы жағдайларды,дәрігерлерге қатысты кейбір шиеленісті мәселелерді жасырып-бүркемелепкелгенінен, ондай мәселелерді не өзі шешпей жүрген жайттардан хабардармыз. Олжайында алдағы уақытта арнайы тоқтала жатармыз.
Осы орайда айтаөтерлігі, Денсаулық сақтау министрлігінің немесе Жамбыл облысының әкімшілігінің, және «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстықфилиалының Марат Жұманқұловқа «әй» дей алмай отырғанының басқа да себептері барсияқты. Олай дейтініміз – Жұманқұловтың тамыр-танысы, «бекзаттары-жекжаттары»баршылық. Жалпақ тілмен айтқанда байланысы тереңде екені айтатындар көп.
Яғни, бұл шудан Жұманқұловтыңбасын аман алып шығуын – береулер оның Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың жерлесі екенімен байланыстырса, енді береулер «екі аяқты да бажа тату»демекші, бажасы Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Б.Қарашолақовтың«қамқорлығы» деп біледі.
Нұрболат ӘЛДИБЕК,
Жамбыл облысы