Жаңа жылда артық шығынға батпас үшін не істеу керек – қаржыгер кеңес берді

Жаңа жыл қарсаңында жақындарымызға түрлі сыйлықтар алып қуантқызымыз келеді. Алайда, қолдағы барлық қаражатты есепсіз жұмсап, жаңа жылды тесік әмиянмен қарсы алу да ақылға қонымсыз. Қазақстандық қаржыгер Дана Молдақұлова мереке кезінде қолдану қажет 3 кеңеспен бөлісті.
- Балаларыңызға сыйлық алып бастамас бұрын, әр заттың бағасын есептеп, бюджет құрып алыңыз. Сонда қолыңыздағы бар қаражаттан артық жұмсап, қарызға кіріп кетпейсіз. Жаңа жылдың басында тесік кошолекпен отырған жақсы әдет емес. Бюджеттен аспаңыз! Қанша ақша бөлдіңіз, тек сол суммаға сыйлық алыңыз!
- Эмоцияға салынып, түрлі жарнамаға қызығыпе импульсивті сауда жасаудан барынша сақтаныңыз!
- Сыйлық алғанда пассив емес, актив алуға тырысыңыз. Яғни, бір қолданып тастайтын зат емес, болашақта керісінше құны өсетін зат алуға болады. Мысалы, балаңыздың оқуына ақша салып қойыңыз, компания акциясын алып беріңіз. Нағыз қаржылай сауатты адамдар солай істейді,- деп кеңес берді маман.