Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:12

Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг сынаманың нәтижесі қашан шығады?

Жәнібек Әлімханұлы
Фото: Top Rank

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы бойынша шешуші тыңдаудың қашан өтетіні белгілі болды. 

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбековтің айтуынша, тәртіптік тыңдау 19 қаңтар күні өтеді. Дәл осы отырыста 8 қаңтарда ашылған В-допинг сынамасының талдау нәтижелері ресми түрде жарияланбақ.

Федерация мәліметінше, В-сынама бойынша ресми қорытынды шыққанға дейін Жәнібек Әлімханұлы кінәсіз деп есептеледі және ол WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мәртебесін сақтап отыр.

Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсан айының басында, Жәнібек Әлімханұлының WBA чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен үш титул үшін өтуі тиіс жекпе-жек қарсаңында, қазақстандық боксшының А-допинг сынамасынан антидопинг кодексімен тыйым салынған мельдоний препараты табылғаны хабарланған болатын.

Нәтижені нақтылау мақсатында 8 қаңтар күні сол уақытта және сол сәтте алынған В-допинг сынамасының ашылуы мен қайта талдауы жүргізілді. Бұл талдаудың қорытындысы 19 қаңтарда өтетін тыңдауда жария етіледі.