Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:39, 18 Тамыз 2020

«Жасыл» технологиялармен әлемдік аренаға шыға аламыз ба?

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан пайдалы қазбаларға бай ел ретінде «жасыл»технологиялар арқылы өз атын шығара алады.

Осыған орай, қазақстандық қоғам белсенділері 2021 жылды «Экология жылы» депжариялауды ұсынып отыр.  Бұл ұсыныс ақпаратжәне әлеуметтік даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен 28 шілдеде өткен онлайн-конференциябарысында айтылған болатын.

      Сала мамандарының айтуынша, алдағыуақытта «Экология жылын» жариялаудың маңызы зор болып отыр. Оған себеп: жылсайын Қазақстанның табиғи ресурстары сарқылуда, олардың көпшілігін қалпынакелтіру немесе қайтару мүмкін емес. Адамның өзі табиғи әлемге теріс әсер етеді.Бурабайдағы қоқыс үйінділері, Көбейтұздың қызғылт көлін қазып қирату,Алматыдағы Первомайские тоғандарында өсетін сирек лотос гүлдерін жұлу, тағы басқаәрекеттер қазір белең алып кетті.  Бұлжақында Қазақстан халқы арасында екіжақты қызу пікірталас тудырған әрекеттердіңжартысы ғана. Министр Аида Балаеваның айтуынша, мемлекет табиғи мұраны кейінгіұрпаққа сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

Бұған қатысты «Жасылэкономика және G-Global дамыту» коалициясының атқарушы директоры АсхатСүлейменов:

– Бүгінгі таңда әр аймақтың негізінде, ол ферма болсын, жоғары оқу орныболсын, біз сегіз орталық аштық.  Олардыңәрқайсысы әртүрлі салаға мамандандырылған. Мәселен, ҚазМУ жанындағы орталықжасыл технологияларды дамытуға арналған. Солтүстік Қазақстан облысындағы шаруақожалығының орталығы органикалық тыңайтқыштармен шоғырланған, биохумусты,тамшылатып суаруды және т.б. қолдана отырып көбірек өнім алуға мүмкіндікбереді. Қостанай облысында жеке технологиялық қонақүй кешенінің негізінде осытехнологияларды қолдану арқылы ашылған орталықтар бар. Бұл бағыт дамиды дегенойдамын. Бүгінгі таңда жасыл технологиялар – бұл жаһандық тенденция, сондықтанбізде оған көшу тұжырымдамасы бар. Аталмыш құжатқа тұңғыш президент НұрсұлтанНазарбаев 2013 жылы қол қойған. Белгілі бір жылда мақсаттарға жетудіңиндикаторлары бар. Бұл құжат біз үшін негізгі нұсқаулық болып табылады, –дейді.

Жалпы, елдегі жасыл экологияны дамыту тұрғысында экология, геология жәнетабиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев, ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров бірқатарұсыныстарды көтеріп-ақ жүр.  Аталмыш министрліктердіңбастамасымен «Жасыл экономикаға» көшу аясында заманауи суару жүйелерін жетілдірубасты мақсат болып тұр. Мысалы, мемлекет тарапынан суару жүйелерін сатып алуғажұмсалған шығындардың 50 пайызын өтеу, несиелер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерін10 пайыз субсидиялау шаралары қабылданды. 2022 жылға қарай суармалы жерлердіңаумағын 2 миллион гектарға ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар күріш пен мақтасияқты суды көп қажет ететін дақылдардың алқаптарын суаруды жетілдіру жұмыстарыжалғасады. Парниктік кешендерді салу және кеңейту шығындарының 30 пайызыөтелуімен инвестициялық субсидиялар енгізілді. Жылыжай өндіру нарығының көлемі90 мың тоннадан 216,9 мың тоннаға дейін, 2,4 есе, ал жылыжай фермаларыныңауданы 2,1 есе, 575,9 гектардан 1236,7 гектарға дейін өсті.

Қазіргі уақытта 180,1 млн гектар жайылымдық жердің 106,2 млн гектары (59%)суарылды. Жайылымдық жерлерді дамытуды ынталандыру үшін сумен жабдықтауинфрақұрылымын құруға шығындардың 80 пайызына дейін инвестициялық субсидияларенгізілді. 2014-19 жылдар аралығында су жайылымдарына 5978 құдық салынды.

Жасыл экономика аясында елімізде түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр.Солардың бірі – жасыл ауыл атанған Арнасай ауылы. Арнасай ауылы – тұрғындаралдыңғы қатарлы технологиялар мен кәсіпкерлік дағдыларға үйретілетінҚазақстандағы алғашқы жасыл ауыл. Жоба «Жасыл экономика» және G-Global дамытукоалициясының демонстрациялық алаңы ретінде құрылды. Ол елдің жасыл экономикағакөшу тұжырымдамасы мен «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын қолдау аясындаіске асырылды. Бүгінгі таңда ауыл экологиялық туризм орталықтарының бірінеайналды. Жалпы, жасыл экономикаға көшу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріменжәне қолданыстағы бағдарламалық құжаттарымен реттеледі.

Болашақта біз атмосфераға шығатын зиянды заттардың мөлшерін азайтуымызкерек. Бірақ біз барлық өндірісті тоқтата алмаймыз, мұндай жағдайда ешқандайдаму болмайды. Жеңіл және ауыр өнеркәсіп кез келген жағдайда жұмыс істеудіжалғастыруы керек. Сондықтан мемлекет тарапынан балама әдістерді, жасылтехнологияларды, күн және жел энергиясын, ірі кәсіпорындарға ағынды сулардытазарту қондырғыларын орнату ұсынылады. Өткен жылы елімізде осы бағытты алғатартатын халықаралық жасыл технологиялар орталығы ашылды.

Осылайша Қазақстан жасыл технологияны дамыту арқылы әлем алдында беделжинауды мақсат тұтып отыр. Ал болашақта бұл межеге жету үшін, әрине,  құзырлы органдардың жауапкершілігі мен тыңбастамалары аяқсыз қалмауы тиіс.

Еркежан АРЫН

Тегтер: