Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:44, 18 Тамыз 2020

Жасын ғұмыр...

Әдебиетәлемінде жасындай  жарқ  етіп көрініп,  артынша  жұлдыздай болып ағып  түскен қазақтың  аса бір  талантты ақыны  Бауыржан Үсенов  аман  болғанда 15 тамызда  60  жасқа толар еді.

Амал  қанша, дарындыақынға  ұзақ  ғұмыр жазылмапты.  Небәрі  31 жыл  өмір  сүрді. Дегенмен артына  мол мұра  тастап кетті.  Бүгін Баукең жөнінде  жазылған  естелік пен ақынның  бір  топ өлеңдерін  беріп  отырмыз.    

Қазақ поэзиясында жасындай жарқ етіп, ғайыптанжоғалып кеткен ақынның бірі – Бауыржан Үсенов. Ол сегіз қырлы, бір сырлы жігіт еді.Бәлкім, тағдыр соны көпсінді ме, нағыз бұлқынып тұрған шағында алды да кетті.Соңында тау бұлағындай мөлдір өлеңдері, сазды әндері қалды. Егер аман болғанда бүгіндеБауыржан қазақтың маңдайалды ақындарының бірі болып, дуылдатып жүрер ме еді...

Ол курстасы, белгілі ғалым Бауыржан Омаровтың тіліменайтқанда, «Басына бөрік кигізіп, астына сәйгүлік мінгізіп, қолына үкілі домбырасынұстатып, ХІХ ғасырға аттандырып жіберсең, нағыз сол заманның сал-серісі болып шығакелері» анық еді. Өйткені өзгенің маңдайына бұйырмаған бақ Бауыржанда бар-тұғын.Ол ақын, сазгер, мықты орындаушы да болды.

1986 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің журналистика факультетіне оқуға түстім. №5 жатақхана комендаты ЛюбовьШаламайдың қаһарына ұшырап, тұрақтан қуылдым. Әрең дегенде деканаттағыларға жалынып-жалпайыпжүріп уақытша болса да, тарихшылардың №6 жатақханасында тұруға рұқсат алдым. Бөтенортаның аты – бөтен. Көңілім журфакқа бұрды да тұрды. Ақыры желтоқсан айында №5жатақхананың бірінші қабатындағы бір бөлмеден орын тиді. Жүгімді арқалап,бөлмеге кіріп келгенмін, екі төсек бос та, үшіншісінде шалқасынан түсіп кітап оқыпбір жігіт жатыр. Балаң мұртты, көрікті екен. «Ә, Сейсен деген сен емессің бе, кел,кел, анда жайғас», – деп, өзіне жақын төсекті нұсқап, орнынан тұрды. «Мен Бауыржандеген ағаңмын» деп бір қойды. Оның Бауыржан Үсенов екенін бірден таныдым.Өйткені аздап өлең жазатын болған соң, жасы бар, жасамысы бар – ақындардың біразынсырттай танитынмын. Таныстық. Біраз уақыт бірге тұрдық.

 Бөлмедегі үшіншітөсекке бүгінде белгілі ақын Жұмабай Құлиев келіп тұрды. Баукең кейде әуелетіпән салатын. Даусы ерекше еді. Сосын өлең оқитын. Кейде «ал, мен болдым, енді сеноқы» дейтін. Оңашада өз өлеңдерімізді бір-бірімізге оқып, сырласып ұзақ отырушыедік. Арада көп ұзамай атышулы Желтоқсан көтерілісі болды. Ол Баукеңнің ең бір көңілсізжүрген кезі еді. Үш әріптің адамдары оның соңына түсті. Шақырып алып кетеді.Шаршап келеді. «Күнде сұрайтыны бір нәрсе. «Студенттерді алаңға сен бастап алыпбарыпсың» дейді, болды. Шаршатты, шаршадым».

Бірде терезеден сыртқа қарап тұрып өзінің атақты«Қара машинасын» оқыды.

«… Содан бері шошынамын дүсірден,

Содан бері көз алмаймын мүсіннен.

Қараңғы түн, қап-қара бір машина,

Шықпай қойды, шықпай қойды түсімнен.

Әлі алдымда батпағым көп кешпеген,

Көкейімде құпиям көп шешпеген.

Шындық жайлы айта берсем, бір түнде,

Қара машина апкетердей сескенем».

   Жанарынан жас көргендей болдым.Көңілі босап тұр екен. «Үнемі бұлай бола беруі мүмкін емес-ау, бауырым. Дүниенідүр сілкіндірген бір өзгеріс болатынына мен сенемін. Еркін елдің алаңсыз өмірінжырлайтын да кез келер», – деді күрсініп. Әттең, жалған дүние-ай, сол бостандықтыңтаңы атқан 1991 жылы 31 жасында Бауыржан пәниден бақиға озды. Тәуелсіз халқыныңөмірін көру, жырлау оған бұйырмапты.

                 Қара машина

 

Үш ұлы адам дарынескен түрінен,

Келбетіне Құдайдайынүңілем.

Бір-ақ жылда қайтысболған тарихи,

Құбылыс депойлайтынмын мұны мен.

 

Бір тынбаған қамынойлап халықтың,

Күреңітіп тұрмасындеп жарық күн.

Бірақ халық жауыболып ұсталып,

Кеткендігін кейінбіліп қамықтым.

 

Естеліктер жазыпжүрген сан адам,

Бірақ бүгінкөрінбейтін арадан.

Қалайша жау қазақәдебиетінің,

Іргетасын құлдарқұсап қалаған?!

 

Адамзаттың ажарлысы,өзі ақын,

Қазағым депқамшылаған боз атын.

Сырнай үнмен әсемәнін созатын,

Жан бар ма едіСейфуллиннен озатын?!

 

Алатаудан Ақсу болыпбұрылған,

Қыран жырды қайыратынқырымнан.

Жансүгіров емес пееді Құлагер,

Ол қалайша айбалтағаұрынған?!

 

Талантына табынам менқай елдің?

Мен өзімніңқазағымнан май емдім.

Бейімбеттің жазығыне, паш еткен,

Еркек түгіл, коммунисін әйелдің?

 

Қалайша жауардагерлер топ жарған?

Ақиқатын сұрадым менкөп жаннан.

Қырандарға көктеқанат қағатын,

Кімдер екен, кімдерекен оқ жонған.

 

Оларға оқ жаумағаныхақ көктен,

Жауабы жоқ, жанымаосы батты өктем.

Бірде біреу деді:«Оларды бір түнде,

Қара машинамен келіпап кеткен...»

 

Қалың топты жарыпшыққан мергенді,

Қазақ қашан асылынатеңгерді?

Қолымызбен ұстапберген ерлерді,

Іздегенментірілтпейсің сен де енді…

 

Содан бері шошынамындүсірден,

Содан бері көзалмаймын мүсіннен.

Қараңғы түн, қап-қарабір машина,

Шықпай қойды, шықпайқойды түсімнен.

 

Әлі алдымда батпағымкөп кешпеген,

Көкейімде құпиям көпшешпеген.

Шындық жайлы айтаберсем, бір түнде,

Қара машина апкетердей сескенем…

КӨГІЛДІР САҒЫМЖабырқасам, көзіме жас келеді,Жанарларың бұлтсыз аспан еді.«Ай, жеттім-ау» дегенде бұлың етіп,Алдап кеттің сағымдай сәскедегі.Қабылдамай, жанымның ымырасын,Қаштың менен,Көтермес мұны басым.Күдерімді үзейін десем енді,Көкжиектен тағы да құбыласың.Аспан кезді баянсыз бағым менің,Айдаладан арбаған сағым ба едің?Самал болып есе алмай,Саған қарай,Шаруасы шалқайып шабылды ерің.Бозторғай да атыңды айта берді,Періштең не, кеудемде сайтан өлді.Мәңгі аңсайтын бір арман керек шығар,Сағым болсаң-сағым бол,Қайтем енді…

Самғау

Менің ұшқым келеді биік-биік,Бұлттарменен тигізсем иыққа иықСодан кейін түйіліп төмен қарай,Жыр нөсерін жіберсем құйып, құйып.

Су-су болып жүгірсе жайран қағып,Қара өлеңді сағынған қайран халық.Таңдай қағып, сан соғып, шапалақтап,Думан қалып жайына, сайран қалып.

Шамаң жетсе ұшқанға не жетеді,Бәрімізге бір самғау қажет еді.Ұшам десең, қылтиған қанатыңа,Сөзі өтеді біреудің, көзі өтеді.

Шамам жетсе ұшар ем айдан әрі.Мүмкіндік бар шолуға айналаны.Ең жақсысы ол жақта естілмейді,Ұша алмайтын «жандардың» байбаламы.

Өлең-мені биікке жалғап өт сен,Өз обалым өзіме шаңға бөксем.Армансыз-ақ өтер ем, әз халықтың,Аспанынан бір рет самғап өтсем…

Шабыт көкпары

Көңілдің көк дөнені ал, кісіне,Жараспас жабы тірлік сал кісіге.Соқтырып жөнелейін, мінсіз бүгін,Шабыттың белі жуан, әлдісіне.

Сандалкөк-сауран тектес додаға кір,Ой-қырды келтірейін тобаға бір.Сүрінсең бұл сіркілде, атпазына,Боп қалсын мәре болған оба қабір.

Серкені сексен қадақ бұйым көрмей,Іс қылсам дос-дұшпаным күйінгендей.Жеткенін шашып кетсем,Мәселенки,Долы жел құмнан құйып үйіргендей.

Па, шіркін, тартыс буы желіктіріп,Жіберсем аспан астын бөріктіріп!Көкпарды сағынған ел жер көшіріп,Қол соқса қызығыма өліп тұрып.

Дүрмектің шамға көміп тамам бозын,Келгенде, салса арулар маған көзін.Қорғаған намысыңды қайран өлең,Мен де бір жалғыз атты шабандозың.

Жалғыз ат, жалаң қылыш-ердің бағы,Дәмелі бір бүркіттен елдің бәрі.Сапары үзілмесе үйден шыға,Салармын салымыңды зәңгірге әлі…

Сұңқар–қиял

Сұңқар-қиял,ал енді Самға, самға,Сүйегіне иеңнің таңба салма,Жеті қабат көкке кет,ЗарыққандаЖерге келіп қонарсың анда-санда.

Томағаңды сыпырдым,Жөнел, кәне,Жұлдыздан да алып кет өлеңді әрі,Кеуде жарып шығардай аласұрған,Табылады жүрекке сенен дәрі.

Сұңқар-қиялСыйынған пайғамбарым,Сеземісің сұрапыл майдан барын.Қамал бұзар жиырма бес,Келіп қалдыЖердің шарын бір рет айналмадым.

Сұңқар-қиялТопшыңды жайға жаны,Шамырқансын шабыттың тай қазаныМекеніне жасынның жете алды екен,Жыр баптаған даланыңҚай қазағы.

Сұңқар-қиял,Сия көк аспан мекен.Қанатыңның қайғысы дастан ба екенСенің әрбір сәттерің төмендегенМенің қызыл қанымды шашқанға тең.

Сұңқар-қиялБір сәт те төмендеме,Өмірде деӨлшем жоқ өлеңде де.Төмендесең талқан қып сенімімдіТұғырыңа қайтадан келем деме,О, сұңқар қиял!

Ауыл түні

Тоңазыдым,Түн бүгін салқын ба еді?Таулы ауылым сынап тұр бәлкім мені.Мына жақтан шу етті бір қора ит,Ана жақтан әңгі есек әңкілдеді.

Сылдырады сонан соң құлын үні, Батпаққа мас бақалар шұры-бұры.Қойнау жақтан у-һу деп үкі үн берді,Түн жамылып құтырған зұлым ұры.

Күркірейді тоғайда сарқырама,Құю үшін теңізге алқына ма.Жолаушыға жөн сілтер Темірқазық,Мұхитында жұлдыздың қалқы дара.

Алтын теңге сияқты ай да толық,Тоған жатыр жарқырап сайға толып.Жағасында жантайып қырман жатыр,Тастағандай алтыннан қойма төгіп.

Қызыл отау жақтағы тамашаны,Көріп қайтсам, әрине, жарасады.Бастырмасы көршінің тасырлады,Бүгін бәйге қаракер тау асады.

Тәтті түтін аралас ауа қандай,Тәтті ауада дәм бардай, дауа бардай.Ит келді ме,Қаз-үйрек шарбақтағы,Қиқу салды бір ауық жау алардай!

Теңгермейтін ханыңа, қарашыға,Бәйек болып анам жүр баласынаЖүрек, шіркін, барады алып-ұшып,Кеттім, апа, жастардың арасына.

Жапырақ жайлыбір өлең

Кеше ғана биікте ең,Бүгін жатсың табанда.Жапырақ-ау, жағдайың тимеді оңай маған да!

Құлағанды биіктенКім сыйлайды бұл күнде?Қансыраған жүректей жерде жатып бүлкілде.

О, бүлкілде, бүлкілде,Шірігенше бір тынба.Ағаш сені не қылсын, қабығы бар сыртында.

Бұтақ сені неғылсын, тамырлар бар нәрберер,Қыстай қатып,Көктемгі жылылықпен әлденер.

Жапырақ-ау, жапырақ,Сары аурудай сарғайған,Ғұмыр дейтін –мәңгілік таусылмайтын қан майдан.

Құладым деп қамықпа,Өлдім ғой деп түңілме,Терегіңнен серейген дің де қалмас түбінде.

Алты ай бойғы армансызҒұмырыңа тәубе де,Сені таптап жүргендер түсе берсін әуреге…

Музаға сыр

Бозбала – өзі хан, өзі бай,Бақыттан жайнаған көзі де.Енесін іздеген қозыдай,Емініп ұмтылды өзіңе.

Жаза алмай шекесін көмді тер,Жия алмай ойларын шашылған.Мейірім іздеп жүр сергітер,Самал боп сипашы басымнан.

Құлын ем босаған желіден,Құлдырап жүгірген қыратта.Айырылмас дос болған сеніменСезімтал жанымды жылатпа.

Өзің ем мұңымды шағатын.Қуансам өзіңе ұшқан ем.Бекімей жатса да қанатым,Қырандар көретін түс көрем.

Жастықтың қайғысыз күндерін,Деген ем жазамын тасқа өріп.Әйтсе де, көзімде тұр меніңБір өлең мөп-мөлдір жас болып.

Сезімді оятқан гүл едің,Күбірлеп айтатын сан дастан,Сен маған көрінбей шынымен,Өстің бе шыңдарға қар басқан?

О, муза, демі өрт, қыз ерін,Мәжнүн қып өмірден өтпе сен.Мен сенің гүліңді үземін,Тек өзім үзіліп кетпесем.

Малды ауылдыңбір кеші

Қой маңырап, иттер үріп,Қарауытып тау іргесі,Тәтті түтін сүттей ұйып,Тағы орнады ауыл кеші.

Шұрқырайды жылқы малыБара жатқан жоннан асып.Құрбақалар жыртылады,Мағынасыз хорға басып.

Қара шал жүр ет мүшелеп,Қонақ сыйын бүтіндеген.От басына жетті шелек,Сүтке толып шүпілдеген.

Тал-тереккетүн асылды,Бұлт боп басты маса шамды.Уыс-уыс мың асылдыЖомарт аспан шаша салды.

Таныс бәрі,мал иісіТалдысайға келіп қонған.Самаладай қара үй ішіКіл қазақи көрік толған.

Қара мақпалтартқан алап,Күйіңе кеп, өзгер енді.Шежіре айтар қартқа қарап,Жантаятын кез де келді.

Бүйрек туралы жыр

Бір өксікалқымыма кеп тұрады,Шулайды көңілімнің көк құрағы.Бұйығып бүйірімде бүлкілдегенБүйрегім түбі мені жеп тынады.

Бұл жағдайайқын болды атқан таңдай,Жүрсем де тірлік кешіп саптан қалмай.Қараймын болашаққа күдікпенен,Алдымда күтіп жатқан қақпан бардай.

Демі өрт,жүзі жарқын, ұраны әсем,Жиырма бес, жолықтың ба жыраға сен?«Кеп қалса», қиналғанша, көнер едім,Кетеді-ау тағдырыма бірақ есем.

Қасқырдыңүйіріндей қоршап қайғы,Құралай үміт менен алшақтайды.Қазы жеп, қымыз ішер қыр қазағыҚалайша сүт көжемен жан сақтайды?

Бүйректенбөлінген у басқа шауып,Шаба алмай, қан қақсайды қасқа шабыт.Мезгілсіз тасырқады өлеңім деКезінде сынайтұғын тасқа салып.

Жарасаржастық шақта бәрі дедік,Бірқатар дос-дұшпанға мәлім едік.Жүйкемді көп жұқартты емшілер де,Қырығы қырық түрлі дәрі беріп.

Төгуші емтой-думанда таңдайдан ән,Білтесі бітетұғын шамдай жанам.Елемей өткізіп ап жылым дертті,Шыбықша қурағаның қандай жаман?!

Әйтеуір,бір келеді қаза деген.Кетеді, соны ойласам, маза менен.Әйтсе де, мойынсұнбай,ҚаламсабымҚолымнан түскенінше жаза берем.

Бас таөлең, бауыр да өлең, бүйрек те өлең,Ақынды ажалың да күйретпеген.Кеудемде жүрек-бұлбұл шыр-шыр етіп,Көшімді Күншығысқа сүйреп келем.

Көңілдің кейбірсәттері

 

Сырбазсыман, сыр ашыпсөйлегесін,

Мен өмірден түңілемкейде, досым.

Шалғайымнантартқандай шиебөрі,

Шөлде қалып қойғандайбейне көшім.

 

Бұлақ мұзға айналыпкететіндей,

Құлағымнан жел сарнапөтетіндей.

Мұрат шіркін,пенденің пәруана боп,

Мәңгі жете алмайтынбекетіндей.

 

Бұлбұлымды бүргендейқаршыға кеп,

Болысам деп жүрегімшаншып әлек.

Көкірегімді аршығанкеме мұңнан,

Айқайлауда ол сығыр:«Аршыма»- деп.

 

Бәйге-құнан аяғынсындырғандай,

Сындырғандай, мұңшағып шыңғырғандай.

Не болды деп күрсіне,

Жігерімді осынша құм қылғандай.

 

Мені тастап достарымкеткен сынды,

Қаға алмайтынМұңлықпен беттен сұмды.

Сіңіре алмай санамаотырамын,

Самал болып еркелепжеткен сырды.

 

Айналамдағы еш нәрсеқызық емес,

Жатады өтіп көзімненүзік елес…

Бар адамның басындаболатын жай,

Мықты болсаң елестібұзып егес.

 

Жыр құрадым табаалмай толымды ырғақ,

Сықылықтап күледісорым жырлап.

Тұман-тұман ойлардыңтүкпірінен,

Тіршіліктің маягіқолын бұлғап.

 

Бірде менен бірқарындас:

«қызыңыз бар ма?»,-деп сұрады

 

Қарындасым-айқиылған,

Сыйладың маған тағыелес.

Бақытым мағанбұйырған,

Сор болып келген бақелес.

 

Қинама айтқын депменен,

Төгілмей жасым тұршаққа.

Ғашықтық сезімкөктеген,

Ұрынып қалғанбұршаққа.

 

Аруды сендей менсенген,

Басқа жан кеткен жарқылып.

Батпаққа батыпбелшемнен,

Шыға алмай жүрмінмалшынып.

 

Бір рет оңбайалданғам,

Осындай сырым бар,айнам.

Аумаймын қазірарланнан,

Ызадан көзі қарайған.

 

Басыма орнап түнектүн,

Ақын боп солай кетіпем.

Өртеніп кеткенжүректің,

Көсеме күлін, өтінем.

 

Өтінем, қалқам,сұрама,

Тырнама жанды,жетеді.

Әйтпесе сені бұлағаң,

Сабақтан қырқыпкетеді.

 

Неткен жанар...

 

Япыр-ау, неткенжанар, неткен жанар?!

Өртейтін отқа айналыпкеткен бе адам.

Түсірді-ау найзағайынжүрегіме,

Бұлттардай қақтығысыпкөк торлаған.

 

Аз күнгі сауық-сайранболма маған,

Аңсағам, сағынышпенжол қарағам.

Өзіңнің емдеуіңдікүтері анық,

Жүрегім қызыл қанысорғалаған.

 

Өмірді сүйем бе,өзіңді сүйем бе,

Біле алмай соныұяттымын.

Мөлдіреп тұрғанкөзіңді сүйерде,

Өмірдің құны бір-ақтиын.

 

Күзгі махаббат

 

Үзілген жапырақ — қайыңның көз жасы,

Үмітсіз өкпек желеңіреп боздашы.

Қоштасқан құстардыңкөз жасы-жаңбыр ма?

Қалқа қыз, күттіріпкөңілді қалдырма.

 

Көзді арбап, көңілдітартпайды жұтаңдық,

Жапырақ ғұмырынжаратқан тұтам ғып.

Тағдырға өкпелеп непайда табамыз,

Біз суық күзде делапылдап жанамыз.

 

Қалқа қыз шықты әне,бұйым ба өкпегің,

Күлімдеп келедікөгілдір көктемім.

Қараңғы түн ұғадысырымызды,

Жаңбыр қосып айтадыжырымызды.

Дауыл жауын ішіненжеті түнде,

Неге іздеймізбіріміз-бірімізді.

 

Мұратым бар жанбаспас арал ашпақ,

Біздің бұлақ дарияғаараласпақ.

Көптен бері мекен бопалды бізге,

Күзгі дауыл тонағанжалаңаш бақ.

 

Жарқыл жазың жалтетіп өткен елес,

Махаббатқа керегікөктем емес.

Біздің сезім күздеөнген гүл сияқты,

Суық күзге, аяулым,өкпелеме еш.

 

Ақ жаныңды емдейінжырымменен

 

Жаныма жалт қарағаннышаның ем,

Көзіңдегі жұмбақ сырқұса, білем.

Бөлісейін мұңымды,қарындасым,

Жатырқамай сен меніңқұшағыма ен.

 

Біздер жайлы мейліөсек сөз борасын,

Бөтен көрме даланыңбоз баласын.

Қасқыр қуған еліктейжаутаңдайсың,

Өртеп жүр мені осыбір көзқарасың.

 

Анық сезем жаныңдабір мұң барын,

Жай-күйіңді дірілдепбілдірді әнің.

Үлбіреген аққудайқалпың осы,

Мазағына қалып-едкімнің, жаным.

 

Кімдер екен жаныңдыжаралаған?

Санамды ине болыпаралады ән.

Үрікпеші сен менен,аққу құсты,

Үйреткен жоқ атудыдала маған.

 

Мұңыңменен мұңымдыбірге өрейін,

Жүрегіңе шипалы жырегейін.

Тым болмаса жараңдыемдеп жазып,

Аспаныңа ұшырыпжіберейін.

 

Жатса да көпсындардың жауып сеңі,

Мұңлы жаның жырымнансауықса еді.

Күлші қалқам, жанарыңашық болса,

Бақыт өзі-ақ келедітауып сені.

 

Аттсыз өлең...

 

Қоямын не деп жыратын,

Болса да мақсат анықтым.

Болса да биікмұратым,

Мен кеше сұмдыққамықтым.

 

Ыңылдай басып бірәнге,

Шыққан ем тойдыаяқтап.

Адамдар, менің кінәмне?

Көшеде кетті таяқтап.

 

Не үшін соқты, кімбілсін,

Жүргендер ме екентасып шын.

О, өмір, неткенбұлдырсың,

О, өмір, неткенашықсың.

 

Ақ жүрек жырдыңбаласы,

Содырдың болдымазағы.

Жазылар тәнніңжарасы,

Жанды кім емдепжазады?

 

Жалаң аяқпен қаркештім,

Туындап мұңлы жыртағы.

Оразбайлар менДантестің,

Өлмепті-ау әліұрпағы.

 

Жақсылар жандыжазар-ау,

Жырлармен талайкүмбірлеп.

Өмір, бір сырың — мазақ-ау,

Болса бір сырың шынқұрмет.

 

Пендені қалмас аяптіл,

Ол үшін сөкпес меніешкім.

Өмірден жеген таяқты,

Өлеңнен бірақжемеспін.

 

Жұмбақ қыз

 

Ұрлағанда қызығын күзкеп бақтың,

Мен сені іздептаптым.

Соғып тұрды қаттыемес жел де абайлап,

Аллеяда мұңдылауөрнек ойнап,

Жапырақтар қонадыжерге жайлап.

Иығыңа төгіліп шашыңәсем,

Жайлап келіп отырдыңқасыма сен.

Көзім түсті көзіңе,дір еттім мен,

Атой салды тыпыршыпжүрек бірден.

Кеудеме күндіз-түніжыр ектірген,

Жаралдың ба,жаным-ай, сірә ақ гүлден,

Көптен бері санамдысұрақ бүрген,

Жігіттерді көргендежұбыменен

Әлемінде қиялдыңжүзіп ерен

Ойлайтынмын қайдаекен арманым деп,

Сол себепті жырымдыем көрмеген,

Жұмбақ қызға әйтеуірарнадым көп.

Арнадым көп, табаалмай алаңдағам

Көрінетін мұңды бопғалам маған.

Күндіз-түні бейнесікетпей естен,

Елестейтін сағым боптек белестен.

Көрген кезде жұптардықол ұстасқан,

Жан шығармын аяғыншалыс басқан,-

деп, ойлап мұңаятын,

Ішкі сырын ашуғаұялатын.

Ол тек қана мұңдылаутағдырымнан

«Жұмбақ қызға сыр»деген сый алатын.

Сол жас жігіт, аруқыз, мына мен ем,

Бақыт қашып жүр ғойдеп сірә, менен

Кей кезде жылаған ем.

Мазам кетіп тіптен десол ойлардан,

Болатұғын ән деарман, қайғы да арман.

Қос елікті көргендетоғайлардан,

Аққуларды көргендеайдындардан

Бір сағыныш кеудемдетүрегеліп,

Дейтұғын өлеңмен жүр,гүл өрелік.

Бота көз жанарлардан,

Таба алмай жүргенімдеасыл жанды

Түрленіп мұңлы күйгеоранған маң.

Көзінен ғажап шуақшашылғанда,

Кіршіксіз пәксезімім,

Деймін жаным, арманымтапты өзіңді

Мұңымды быт-шыт қылыпшақ төзімім,

Әйтеуір өзің жаққакөп қадалдым,

Көп қадалдым,қып-қызыл отқа орандым.

Ал қазір қасымдасың,

Атың кім, аяулы қыз?

Жасырмай сырыңдыайтшы іркілместен.

Сен менің гүлімболшы,

Кеудемде қауыз жарыпбір күнде өскен.

Бірге ән салайықшыөмір бойы,

Бақыттың мәңгі қағаресігін мың

Атыңды жазайыншыкөңілге ойып

Ару қыз, есімің кім?

Дауысың шығып кетті.

Дірілдеп мұңым жатты

Тұңғиқ жанарларыңбүгіп көпті,

Денемді тағы меніңшымырлатты

Дүние тынып қалды.

Демімді ішке тартыпмен де отырдым,

Үнсіздік сені жаным,ырыққа алды.

Есімім Айгүл дедің,

Сыйлай салдың бірсәтке май гүлдерін.

Мені қатты қинағанқайғым ба едің?

Кіршіксіз айдын ба едің,

Таранған аққу маедің,

Кеудеме алып кірдіңақ ту менің.

Сәулесі шығарсың сен,сірә асылдың

Мен шаттық теңізіндеқұлаш ұрдым

Сен мені біркөргеннен еттің ғашық

Сол күні кештеуқайттық көп сырласып

Сол күні махаббатәлеміне

Қол ұстаса қосылыпкеттік басып.

Бақытпен өттіайларым,

Жыр болып тәттіойларым,

Бір жүріп балдәуреннің

Өткізіп көп тойларын.

Екумізді бақыттыжайдары етіп,

Жыл толды содан кейінайлар өтіп,

Уақыт зеңбірегін атыптығыз

Тағы да келіп кеттібақытты күз.

Сол бақта бір түнімен

Алғаш сүйдім құшақтаперініңнен

Күлкі төгіп жарық айкірпігінен

Махаббат құдіретінеерідім мен.

Өткен күн өте берсін,

Өткен күн өте берсін.

Сен мені бақыт болыпжетелерсің

Берсе жолын мына өміртөте берсін.

Сезімнің пернесіншерткен едің

Мен саған сертберемін.

Сертімде тұраалмасам,

Мазасыздау тағдырымкесіп алсын

Жігіт атым бір күндеөшіп қалсын.

Мүмкін емес қалуысаям жетпей

Әніңді де шырқап айтжәй әндетпей,

Тек қана менің осыбақытымды

Мына өмір баяндыетпей,

Адамдықтың күшін менсездім қанша,

Кеудемізде болмасынез мұң барша,

Бақыттымыз, ей өмір,сол бақытты

Баянды етсек екеумізкөз жұмғанша.

Ән

Ән бар еді,

Бір әнім,

Шынайы әнім,

Ұмытып қап әуенінмұңаямын.

Қолтық сөгіп, көсілешаппаған соң,

Кімге керек кібіртікқұр аяңым?

Ән бар еді,

Әнімді неге ұмыттым?

Жарқырап күн, тұратынтөгіліп түн.

Қадам сайын қанатқанбалтырымды,

Құрбаны боп кеттім бежөгіліктің?..

Ән бар еді,

Сырлы да, мұңды даеді,

Талай ару тамсанып,үлбіреді.

Өмір жайлы ой толғапөзге жақта,

Өзімді іздеп жүр меекен, кім біледі?

Ән бар еді,

Иесі мен емес пе ем?

Балдырғанды өлкедеКенен өскен.

Шошыды ма тірлікпенғұмырымды,

Жүргенімде өткізіперегеспен?

Ән бар еді,

Аққудың сыңсуындай,

Жүрегімді тынбайтынбір суырмай.

Жан-дүниемді сығадысұм өкініш,

Оттан шыққанқып-қызыл шымшуырдай.

Көбелектің көгілдірқанаты еді,

Атасы — нұр,

Ақша бұлт — ана тегі.

Көкірегімнен «әу»десем, аққу емес,

«Қоңыр үйрек» бұлкүнде дар етеді.

...Ән бар еді, бірәнім, шынайы әнім,

Ұмытып қап әуенінмұңаямын…

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

Тегтер: