Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:37, 16 Желтоқсан 2023

Желтоқсан оқиғасының ащы шындығын ашамыз десек...

Қазыбек Бейсебаев
Фото: из открытых источников

Желтоқсан оқиғасына қатысқан адаммын. Өз көзіммен көргенімді айтайын. Шеру кезінде көрдік. Саяси бюроның бүкіл мүшелері сол жерде тұрды. Назарбаев та бар еді. «Қазақстан коммунистік партиясының саяси мүшелеріміз. Біз Колбиннің басшылыққа келуін бірауыздан қолдадық. Сондықтан тараңыздар, бұл істеріңіз ұят» деп айтты. 

Экс-президент сол жерде тұрды. Өз көзіммен көрдім. Алғашқы жазған кітабында ол желтоқсан оқиғасына қатысқандарды «хулигандар» деп атаған. Бірақ тәуелсіздік жылдарында жазған кітабында «сол жердегі алаңдағы жастарды құтқарған мен едім» депті. Мұның бәрі өтірік. Мінберде тұрғанын өз көзімізбен көрдік қой. Кейіннен кетіп қалды. Меніңше, желтоқсан оқиғасына қатысы болғандықтан оның бар шындығы ашылса, өзі де әшкере болып қалады. Сондықтан жасырып келді деп ойлаймын. Тағы бір мәліметті айтып кетейін. 17 желтоқсанда жастар алаңға шыққан уақытта кейбір адамдардың қолында плакаттар болды. Ол жерде «Да здравствует Ленинская национальная политика!», «Каждому народу своего руководителя!» деп жазылып тұрды. Мұны неге айтып отырмын. Ол кезде мұндай плакаттарды бір күнде жасау мүмкін емес еді. Демек, бәрі аяқ астынан болмады, алдын ала жоспарланған. Қонаевты орнынан алу шешімі 16 желтоқсанда қабылданды, 17 желтоқсанда жастар алаңға шыға бастады. Сондықтан Назарбаев бұл оқиғаны әдейі көтермейді. Өзіне де кесірі тиіп кете ме деп қауіптенеді.

Шындық айтылуы керек. Біреу наразылықты әдейі ұйымдастырды. Әр жатақханаға барып «ана жақта қазақтың жастары жиналып жатыр екен» деп айтты. Плакаттарға жаңа айтып өткенімдей ұрандар жазып шықты. Олар кім еді? Ешкім айтпайды. Адамдар алаңға жиналып, 6-7 сағаттан соң тарай бастайын деп жатқанда бір әйел баласымен келді. Мінберге көтеріліп, «балам екеумізді әлдекімдер таяқтап кетті» деп сөйледі. Меніңше, бұл да ұйымдастырылған. Сосын халық бірден көтеріліп кетті. Солай арты қырғынға ұласты.

Жергілікті басшы ауысатыны алдын ала белгілі болып қояды ғой. Мәскеуде қабылданған шешімді қазақстандықтар білді. Білгендіктен наразылық ұйымдастырды. Оның басында кім тұр білмейміз. Себебі плакаттар аяқ астынан шықпайды. «Желтоқсан оқиғасына қатысқан» деп үркердей топты атаймыз. Қалғандарын айтуға қорықты. Қатысушылардың өзі айтудан бас тартты. Себебі бәрі студенттер еді. Институттан шығып қаламыз деген қорқынышы болды. Мысалы, біздің факультеттен екі қызды оқудан шығарып жіберді. Атырау мен Шымкенттің қыздары еді. Кейін талқылауда комиссия келіп, бәрімізді сұрақтың астына алды. Менен: «Алаңда болдың ба?» деп сұрағанда барғанымды жасырып, айтпай қалдым. Көп студентті шығарды. Шет тілдері институтында оқыдым. Әсіресе неміс факультетінен оқудан шыққан студенттер көп болды. Жай алаңға барып, көзге түсіп қалып, оқудан шығып қалған студенттер де бар еді. Мен қыздарға осыны айтып жүріп, олардың оқудан шығып қалмауына көмектестім. Таяқ жеген студенттерді «көшеде біреулер сабап кетіпті, бұлар алаңға бармаған» деп алып қалдық. Қысқаша айтқанда, желтоқсан оқиғасының ащы шындығын ашамыз десек, оны экс-