Жері мен Елі үшін жаға жыртысқан Ахаңдар-ай! Ахмет Байтұрсынұлы Баку съезінде

1921 жылы қарашадаАхаң партиядан шығарылғандығы туралы хабар алады. Мұндай шешімге негіз болған: біріншіден,оның партия жиналыстарына қатыспауы, екіншіден, мүшелік жарнаны өз уақытындатөлемеуі және үшіншіден Алашорда ұйымында болғандығы екен.
Архив қорындаАхаңның осы жағдайға байланысты партиялық тазарту комиссиясының атына жазған мәлімдемесі тіркелген. Құжатта Ахаңгуберниялық Тазарту комиссиясының өзін партия қатарынан шығару туралы шешіміменкелісе алмайтындығын білдіріп, уәждерін келтірген. Қайраткердің сол тарихикезеңдегі саяси ұстанымы мен көзқарасына тікелей қатынасы бар бұл құжатқатоқталу артық емес. Өйткені онда сол тұстағы қазақ өміріне қатысты өзараүйлесімсіз екі көзқарастың қақтығысы орын алғандығын байқауға болады.
Үйлесімсіздік, еңалдымен, екі жақтың өкімет түріне байланысты көзқарасының өзгешелігінентуындайды. Қазақ қоғамы үшін өкімет ортақ ұлттық мүдде төңірегіне елдегі барлықәлеуметтік топтар мен күштерді жұмылдыра алатын ұйытқы элемент міндетінатқаруға тиіс еді. Бұл сол уақытқа дейін отарлық езгіде болып келген ұлтқа қордаланыпқалған түрлі экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерді жалпыдемократиялықтұрғыдан шешудің жалғыз тура жолы еді. Сондықтан да, қазақ азаттық қозғалысынанұлттық мүддені қорғау арнасынан шығып, одан өз ішінде таптық әлеуметтік жіктелужолына түсуді талап ету, бұл оны алдымен әлсіретіп, сонан соң, біртіндеп жоюдыңөзі болатын. Бұл, әрине, асыра сілтеушілік емес-тін, дәлірек айтқанда, империяқұрамындағы ұлт-азаттық қозғалысқа саналы түрде жасалынған қиянат еді. Оны В.И.Ленин мен И.В. Сталин білмеді емес, білді, көре тұрып, көрмегендей сыңай танытты.Революциялық өзгерістер тұсындағы орын алуы мүмкін «ауытқудың» көрінісі ретіндебағалады.
Мәскеулік басшылықәуелде Ресейдегі социалистік революцияның еуропалық елдерде өз жалғасынтабатындығына, бұл процесте капиталистік қанаудағы Шығыстан қолдау алатындығынасенді. Бірақ өмір басқа жағдайды көрсетті. Ресейдегі пролетарлық революцияеуропалық елдерде жалғасын табады деген пікір негізсіз болып шықты, ал «ұйқыданоянған Шығыс» бұқарасының Ресей пролетариатының соңынан еріп, өзінің таптықмүддесін қорғауға көтерілуі де аңызға жақын бірдеңе еді. Соған байланыстыбольшевиктік басшылыққа ендігі уақытта «социалистік құрылыстың бір ғана елдежеңе алуы мүмкін», деген жаңа теориялық ұстанымға көшуіне тура келген еді.Қалыптасқан жаңа жағдайда большевиктік басшылық үшін Ресейдің мемлекеттіктұтастығын сақтап, оны нығайту ісі алдыңғы орынға шықты. Өз кезегіндегі бұлмежеге Орталық Мәскеулік билікті күшейте түсуі арқылы ғана жетуі мүмкін еді.Ендігі уақытта қазақ сияқты халықтардың өзін-өзі басқару идеясының ресейлік ұлыдержавалықмүддемен қайшылыққа келмеуі, тіптен де мүмкін емес-тін.
Мәскеулік орталық,ұлт саясатының тізгінін қолында ұстаған И.Сталин қазақ, татар және басқахалықтардың басшылығынан ұлттардың өздерін-өзі басқару идеясынан бас тартуларынталап етті. Бұл азаттық және еркін даму платформасында тұрған ұлтқайраткерлерінен іс жүзінде идеялық қарусыздануды талап етудің өзі еді. 1923жылы 9-12 маусым күндері Мәскеуде РК(б)П ОК ұлт республикалары мен облыстарыныңжауапты қызметкерлерімен өткізілген төртінші кеңесі осы ұстанымның нақтыкөрінісі болды. Орталықтағы басшылықтың ұстанымындағы бұл өзгерісті дәлбайқаған Ахаң арнайы мақала жазып, онда қазақ қаламгерлерінің ұлтшылдықұстанымы қандай себептерге байланысты өмірге келгендігіне тоқталып: «Қазаққалам қайраткерлері қайдан туған, қашан шыққан деп сұрау қойылса, жауап қиынемес.
1) Қазақ қаламқайраткерлері орыстың қорлық көрген, таяқ жеген,
орыстың табанындаезілген жұрттан туған.
2) Қазақ қаламқайраткерлері қазақ басына қиын қыстау зар заман түсіп,
үстін торлап, қайғыбұлты қаптаған шақта шыққан» екендігін ескертіп, енді, міне, жаңа советзаманында «қазақтың ісіне қатыспақ түгіл, қарасын көрмеген, атын есітпеген жатжұрттың адамдары» қазақ үшін, «ұлт үшін қызмет қылған, қиналған адамдарға«жұртшыл», «ұлтшыл» деген таңба» басатын болды. «Қазақтың көрген қорлығын,зорлығын айтатын адам болса, ауызға қағып, сөйлетпейтін болды. Қазақ өзгерісүшін құрбан болса, несі құрайды деуші болса, арқаға қағып, дұрыс пікір осы»,дейтіндер шыққандығын факті ретінде келтіріп, мұндай жағдайда ұлтқаламгерлерінің ұстанатын бағыт-бағдарына тоқталып: «Қалам қайраткерлері – жолынтастап, көрінген жолаушыға ере беретін бұралқы ит емес… Қазақ мәдениеті қасындағыжұрттардан кем екенін біле тұра, мәдениеті зор халыққа жем екенін біле тұра,қазақты жемтік есебінде жей бер деп, қазақ азаматтары тастай ала ма? Оны қазақазаматтары істей алмайды. Олай болса, бауырмал десін, қазақшыл десін, ұлтшылдесін, оған құлақ ауыртып ауырламасқа керек», – деп жазды.
Азаттық қозғалыстыңмүддесіне байланысты Мәскеулік орталық биліктің аяқ алысын мұқият сараптауданөткізіп отырған Ахаңның төзімін тауысқан жағдай түрік халықтарының әліпбиінлатын графикасына көшіру туралы шешім болды. Бұл тақырып алдымен 1924 жылы 12маусым күні Орынбор қаласында өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш съезіндеталқыға түсіп, съез тұтыныста жүрген араб графикасындағы әліпбиді латынәліпбиіне ауыстыруды орынсыз деп табады.
Латын әліпбиінекөшу туралы мәселе мұнымен аяқталған жоқ-тын. Мәскеулік орталықтың тікелейтапсырмасымен бұл мәселе 1926 жылы 24 ақпан және 5 наурыз аралығында Бакушаһарында өткен түркологтардың бірінші жалпыодақтық съезінде күн тәртібінеқойылады. Съезге А.Байтұрсынұлы одаққа белгілі түрколог ретінде шақырылып,Қазақстандық ғалымдар тобын басқарып барды.
Қазақстандықделегация мына құрамда болды: А.Байтұрсынұлы (жетекші), Е.Омарұлы, Б.Сүлейұлыжәне Бай-Сейдуалі Әзиз.
СъезА.Байтұрсынұлының ғалым және ірі қайраткер тұлға ретінде абыройының халықаралықдеңгейде аса биіктен көрінген сәтінің айғағы болды. Оның Ахундов, Бартольд,Ольденбург және Самойлович сияқты аса беделді ғалымдармен бірге съез президиумынасайлануы, оның баяндамасы мен жарыссөзде айтқан пікірлерінің зор ықыласпенқабылдануы, сондай-ақ президиум атынан қортынды сөзбен сөйлеуі осы ойдыңкөрінісі еді. Ахаң бірнеше комиссияның, солардың арасында, мәселен, Әлішер Науаидың500 жылдығын атап өтуге байланысты құрылған комиссияның құрамына енгізілді.
Осы арадаескерерлік жағдай, Қазақстаннан барған делегация түркі халықтарының латыналфавитіне көшуіне ашық қарсылық танытқан жалғыз делегация болды. Сонымен бірге,бұл арада мынадай жағдайды ескерген жөн. Бұл уақытқа дейін латын алфавитін Әзірбайжанреспубликасы қабылдап, белсенділік танытқан еді. Бұл мәселеге қатысты ортақшешімге келу туралы түркологтар съезінің Бакуде өткізілуі осы жағдайғабайланысты болатын.
Съездің күнтәртібіне негізгі мәселе ретінде одақтағы түрік тілді халықтарды ортақалфавитке – латын алфавитіне көшіру мәселесінің қойылуының астарында, әрине,саяси мақсаттар жатты. Түркі этносы сан жағынан одақта екінші орында тұрды,сондай-ақ саяси және экономикалық салмағы тұрғысынан да алдыңғы қатарда болды.Түркі факторы И.Сталин басқарған орталық үшін ең жайсыз факторлардың бірі еді.Сондықтан да түрік халықтарын латын алфавитіне көшіру, біріншіден, оларды бірорталықтан басқару ісін жеңілдету үшін қажет болса, екіншіден, болашақтакириллицаға көшіру ісін жеңілдетудің қамы-тын.
А.Байтұрсынұлыныңжәне ол бастаған делегацияның (Е.Омаров және Б.Сүлеев) араб алфавитіндегі жаңа емленіқорғап сөйлеп, басқалардан бөлек ұстаным танытуы негізсіз емес-тін. Мәселе мынада.Ахмет Байтұрсынұлы жасаған жаңа емле, ғасыр басында қазақ тілінде миллиондағантиражбен жарық көрген кітаптар тұңғыш жалпыұлттық басылым «Қазақ» газеті арқылыайналымға түсіп, бүкіл ел болып, қабыл алған ұлттың әдеби жазба тілінің үлгісіеді, сондай-ақ ол ғасыр басындағы ұлт мәдениетінің ең ұлы жетістігі-тін. Тураосы тарихи кезеңде А.Байтұрсынұлы даярлаған емлеге сүйенген қазақ тілі ұлттықсананы оятушы, ұлттық ұюға негіз болған құралға айналып үлгерген еді. Міне, осыжағдайды ешқандай да есепке алмастан араб алфавиті негізінде қалыптасқан емленітастап, латын графикасына көшуді талап ету — бұл ұлттың руханиятына ашықтан-ашықжасалған қиянаттың өзі болатын.
Большевиктерпартиясының Қазақстандағы алғашқы басшыларының бірі Авдеев: «біз мұнда келгенде,Алашордадан тараған рух анық сезіліп тұрды», деген ойды айтқан. Ал осы Алашордадантараған ықпалдың екі тіреуі бар-тын: олар қазақ жері мен қазақ тілі еді.
А. БайтұрсынұлыБакудегі съез мінберіне төрт рет көтеріліп, одақ құрамындағы қазақ және басқатүрік халықтарына алфавит ауыстырып, латын графикасына көшуге ешқандай датөтенше жағдай жоқ екендігін дәлелдеуге күш салды. Бұл ретте, ол татарстандықғалым Шараф Ғалымжанның съезде сөз «әліп-би қалау» деген және «әліп-биалмастыру» деген екі ұстанымның айырмашылығына көңіл аударып, түрік жұрттарыүшін «қашан және қандай жағдайда алфавитті өзгерту туралы мәселе қойылмақ?»деген сұрау қойып, оған «түрік жұрттары – тұтынып отырған әліп-биі бар жұрттар.Көбінің әліп-биімен байласқан әдебиеті, мәдениеті бар», – деген жауабын айтып,соңында «бірақ құрылтай дүкенін жасаушылардың қолында болғандықтан, күн бұрынқолайлап бәрін икемдеп қойғандықтан, қазанның құлағы қазаншының қалаған жеріненшықты: «Латын әліп-биінің артықтығына құрылтайдың көзі жетті» (Байтұрсынұлы А.Шығармалары 4 т. Алматы, 2013, 298 б.), – деген тұжырымын білдіреді.
Съезден оралған соң,«Жаңа мектеп» аталатын басылымда жарияланған есебінде Ахаң қазақ тарапынанбарған делегацияның ұстанымына жұрт болғандықтан, мәдениет қуатымыз да, малқуатымыз да шағын, сол шағын қуатымызды қазірде өте-мөте керек нәрселерге ғанажұмсап жатырмыз. Қазіргі бізге өте-мөте керек нәрсе – оқу кітаптары. Баркүшімізді соған салып жатырмыз. Басқа керек нәрселер де толып жатыр, оларды қоятұрып, өте керегін істеп жатырмыз. Қаріп жағынан өте-мөте керек болып, қысыптұрған мұқтаждық жоқ. Осы құрылтайда айтылған пән пәтуаларынша ең жақсы емле де,ең жақсы әліп-би де біздікі болып шықты. Емле мен әліп-би жағына келгенде, бізорыстан да, немістен де, француздан да, ағылшындардан да алда тұрғанымыз мәлімболды. Аз ғана күшімізді озған үстіне озамыз деп, озып тұрған жерімізгежұмсауымыз керек. Бізге жаны ашитындар қаріп тауып береміз демей,мектептерімізді бұзу мен қозы алатын үйлерде пысынатпай, соларға үй берсе екенделінді».
Съезде сөйлегенсөздерінде Ахаң отаршыл және зорлықшыл елдердің өздеріне тәуелді елдерге жасапотырған қиянатын ашық айтуды өз міндетіне алғандығын анық байқатқан еді.А.Байтұрсынұлы съезде кезекті сөйлеген сөзін терминология мәселесіне, анығырақайтқанда қазақ тілінде термин жасау ісіне, оның принциптеріне тоқталып, бүгіндеөз өзектілігін жоймаған мынадай мәселеге көңіл аударды.
Ахаң сөзінде«бүгінгі мәдениет тек бір ғана ұлттың немесе нәсілдің жасаған жетістігі емес,ол жалпы адамзат еңбегінің жемісі», халықтардың мәдениет саласындағы өзараықпалдастығы да табиғи, үзіліссіз жүріп отыратын процесс, ал бұл ықпалдастықжағымды және қолайлы жағдайда ғана іске аспақ, өкінішке орай, Ресейдегі орысжәне түркі халықтарының арасында өзара мәдени қатынасқа жағымды жағдайжасалынбады, орыс үкіметі өзге халықтарға байланысты кемсінту, орыстандыру,шоқындыру саясатын жүргізді.
Орыс халқыныңмәдениетімен өзара ықпалдастыққа түсу – бұл сол халықтан алдыңғы ұғымдар менидеяларды да қабылдау дегенді білдіреді. Ал ол үшін ана тілінің сөз қоры,әрине, жетімсіз. Жаңа советтік жағдайда жаңа сұраныстарға байланысты анатілінің әдебиет, ғылым және саясат тілі ретінде тынымсыз өсу, өзгеру жолынатүсуіне тура келеді. Мұндай тынымсыз өзгеріс және өсу жолына ол қолайлы жағдайжәне қолдау жасалынғанда ғана түсе алады. Ондай мүмкіндік болмаған күнде анатілі үстем мәдениет пен тілге тәуелді, күнделікті отбасы, ошақ қасы тілдәрежесінде қала бермек. Яғни, тілдің лексикалық қоры, мүмкіндігі тарылатүспек.
Съездің төрағасықортынды сөзді А.Байтұрсынұлына береді. А.Байтұрсынұлы:
«Съездебіз түрік халықтарының ояну, өрлеу арнасына түскеніне көз жеткіздік… Ғылыммен білімнің мақсаты – адамның азабын жеңілдету, өмірдегі игіліктерді молайтып,оны адамға жағымды ету. Осының бәрі мәдениет жетістіктері аталады, ал осымәдениет жетістіктері барлық адамзаттың мақсатты қызметінің жемісі екендігімәлім, солай бола тұрып ол мәдениет жетістіктері барлық адамзатқа бірдей теңтүрде қызмет жасамай отыр, өйткені ол игіліктер империалистердің,капиталистердің, отаршылдардың қолында. Бүгінгі жағымды ғылым мен жетілгентехника табиғатты неғұрлым толығырақ қанауға қызмет етумен бірге, солтабиғаттың бір бөлігі адамды адамменқанауға қызмет жасауда. Бүгінгі адамзат өзін жоғары мәдениет иесі ретіндетәкаппарлық танытып, алғашқы қауымдық адамнан ұзай түсіп, білімі молайып,идеясы кеңейіп, техникалық тұрғыдан жетіле түскенімен, оның ішкі табиғатыөзгеріссіз қалып отыр. Керісінше, мәдениет адамның ең төменгі сезімдеріне қуатберіп, оларға жамылғы міндетін атқаруда… Теория белгілі бір бағытта ілгері кетсе, практикамүлдем басқа нәтиже беруде, соның нәтижесінде, өмірде әділетсіздік және ұйымдасқанекіжүзділік кең өріс алды. Жарық дүниеде емдеуге мұқтаж бір үйлесімсіздік болыпжатқанын бәрі де сезгендей еді. Ең құдіретті деген ақыл иелері бұл дертке еміздеді, бірақ оны таба алмай қиналды. Соған байланысты түрлі ағымдағы ойлардүниеге келді. Сондай әрекеттің бірі социализмді орнатуды көздейтін Ұлы ОрысРеволюциясы. Социализм қоғам ісін үйлестірудің ең жоғарғы түрі және ол жоғарғымәдениетті талап етеді. Оған апаратын жалғыз тура жол – әділеттілік.
… Аләділеттілік бұл жайылған дастархан бетіндегі түрлі тағамдар емес, әркім өзқалағанын алып, қанағаттанатын. Әділеттілік басқаның құқына деген құрметтібілмейді, өйткені табиғатта күш қана билік құрады. Ал күш билік құрған жердеәділеттілік болмайды. Дегенмен, табиғаттың күшін белгілі бір дәрежеге дейінретке келтіретін, сабасына түсіретін тағы бір күш бар, ол күш мәдениет күші.Әділеттілікті жасайтын адам. Адам әділеттілікке мәдениеттерді теңестіру арқылығана жетеді. Мәдениеттер теңдігі сатылмайды немесе сыйлыққа берілмейді, олқажымай-талмай жасаған еңбектің нәтижесі есебінде келмек. Өмір қайыр-садақабермейді, өмір көш соңында қалғандарға демеу жасап, күтіп тұрмайды».
Ахаңның Бакудегітүркологтар съезінде сөйлеген сөзі бар болғаны 13 жылда (осы съезде сөйлегенсөзінде атаған уақыты-авт.) қазақ ұлтының басын біріктіріп, ел екендігінбілдіру ісінде ерекше қызмет жасаған ана тілінің өзі даярлаған алғашқы ғылымиемлесін жанұшыра қорғауы болды. Ұлы ойшыл – қайраткердің Ресей империясындағыбеделді деген ғалымдар бас қосқан үлкен аудитория алдында мұндай қадамға баруғатолық моральдық құқы бар-тын. Бұл ұлы күрескердің империялық зорлыққа, советтікбилік жүйесінің өсу жолында тұрған ұлттық санаға жасап отырған қиянатынаалаңсыз ашық қарсылық көрсетуі болды.
А.Байтұрсыновтың түрколог съезінде сөйлеген сөзі билік тарапынан түркіхалықтарын латын алфавитін қабылдауға қарсылық көрсетуге шақырғандайқабылданды. Қазақ қайраткерінің жаңа өкіметтің империя құрамындағы түрікхалықтарына жасап отырған қиянатын ашық айтып, оған қарсылық көрсетуге үндеуісталиндік басшылыққа, әрине, ұнамады. Мұндай қарсылықты А.Байтұрсынұлы 1924 жылықазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде, сондай-ақ 1925 жылы Пішпекте болып өткенқырғыз елінің ағарту қызметкерлерінің бірінші съезінде де ашық білдірген еді.Соңғы жиында сөйлеген сөзінде ол мынадай ойды айтты: «… культура — естьвидеоизменение эксплуатации. Это видно из того что и теперь Англия и Америка,как самые культурные страны, эксплуатируют остальные нации. Это общий законприроды, и в отношении развития они идут впереди.
Народность, котораямогла бороться, идет вперед, может создать высокую культуру. Мы же не моглиэтого сделать и отстали… Москва, Компартия конкурируют с другими странами номы всегда остаемся в хвосте. Победителями в борьбе могут выходить те, ктоспособен совершенствоваться, а для того чтобы быть способным, нужно бытькультурным, технически вооруженным...
К нам,беспартийным, Советская власть относится с недоверием, но мы не дурки, чтобы неоценить значения Советской власти, дающей нам возможность проявить себя».
Жалпы Баку съезіАхмет Байтұрсынұлына Совет өкіметіне қатысты ұстанымын біржола анықтау сәтіболған еді. Бұл жолы ол биліктің еліне өз тағдырын өзіне шешу мүмкіндігінбермейтіндігіне көзі жете түскен еді. Қайраткердің бұл жолғы жеңілісі Алашордаүкіметін құру әрекетінен (1917-1919) кейінгі екінші жеңілісі-тін. «Байтұрсыновкоммунист болған емес, болмайды да» деген пікірдегі сталиндік билік араға 3 жыл3 ай салып оны қамауға алды. Қайраткердің ендігі өмірі рухани күйзелісте, қуғын-сүргінжағдайда өтті.
Мәмбет Қойгелді,
тарихшы