Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:35, 19 Сәуір 2024

Қазгидромет жаз айларында өрт қаупі жоғары болатынын айтты

в
Фото:

Қазақстанда жаз айларында өрт қаупі жоғары болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ұзақмерзімді ауа болжамы басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова мәлімдеді.

Ұзақ мерзімді ауа райы болжамы жыл аналогын таңдауға және сандық климаттық модельдерді талдауға негізделген. 2024 жылдың мамырына жыл аналогы 2001 жыл, жаз үшін жыл аналогы 1994 жыл болып таңдалды.

2024 жылғы мамыр мен жазға арналған консультативтік ауа райы болжамын және 2001, 1994 жылғы нақты деректерге жүргізілген талдауды ескере отырып, мамыр және жаз айларында республиканың басым бөлігінде өрт қаупінің жоғары және төтенше дәрежесі болжанады, – деді Исабекова “Қазгидрометте” өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жазға және өрт қаупіне арналған болжамдар онкүндікке, аптаға және 2-3 тәулікке арналған болжамдармен нақтыланады.

Жоғары және төтенше өрт қаупіне жеткен жағдайда дауылды ескертулер шығарылатын болады, – дейді ұзақмерзімді ауа болжамы басқармасының басшысы.

Қазақстанның батысы мен оңтүстік жартысында – түнде +5-ке дейін, күндіз +26 градусқа дейін.

Фото:«ОА» фотоқорынан

Тегтер: