Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:24, 19 Сәуір 2024

Тәжікстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

с
Фото:

Су тасқынына байланысты Тәжікстан Республикасы Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы Тәжікстанның khovar.tj басылымы хабарлады.

Басылым мәліметінше, қазақстан халқына көмек ретінде азық-түлік, ауыз су, құрылыс материалдары мен үйлердің шатырынан тұратын және жалпы сомасы 3500 тоннадан астам гуманитарлық көмек бөлінген.

Гуманитарлық көмек шұғыл шара ретінде дайындалып, Душанбе қаласынан пойызбен 50 жүк вагонымен және Худжанд қаласынан пойызбен 11 жеңіл және 13 жүк көлігімен Қазақстан Республикасына Тәжікстанның жауапты өкілдерінің қатысуымен жөнелтілді. Тапсырмаға сәйкес, еліміздің тиісті құрылымдары мен органдарына бөлінген гуманитарлық көмекті Қазақстан Республикасының аумағына жеткізу тапсырылды, деп жазады басылым.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, 118 180 адам құтқарылып, эвакуацияланған, оның ішінде 44 254 бала.

Су тасқынына қарсы жұмыстарға 44 137 адам, 4 642 техника, 858 су сору құралы, 341 жүзу құралы, 12 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысуда.

Фото: khovar.tj

Тегтер: