спорт

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан 2026 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы таеквондодан 2026 жылғы Азия чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді.

Фото: WT

Еркебұлан Еңсегенов құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық таеквондошы 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлде еншіледі. Ол жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде иорданиялық Джафар Альдаудқа есе жіберді.

Осылайша, Еңсегенов Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.

Сайт Әкімшілігі