«Қазақ пен қала» байқауының жеңімпаздары анықталды
«Жас Алаш»газеті ұйымдастырған қалапрозасына арналған «Қазақ пен қала» байқауы мәреге жетті.
Биыл екінші мәртеөткізіліп отырған байқауға 45 жасқа дейінгі жазушылар қатысты.
Қазылар алқасының шешімібойынша 1-орын «Аждаһаның жүрегі»әңгімесі үшін Нұрбек Нұржанұлынабұйырды. Жүлдесі – 1 миллион теңге.
2-орынға Әлихан Нұрбергенұлының «Тамұқтағы жалғыздық»әңгімесі лайық деп танылды. Жүлдесі – 500 мың теңге.
3-орынды Бекзат Алтынбек «Қабылдау кестесі»әңгімесі үшін алды. Жүлдесі – 300 мың теңге.
Есенқұл Маманұлы атындағыарнайы жүлдені «Соңғы трамвай»әңгімесімен Досхан Жылқыбайеншіледі. Бұлсыйлықты «Асылтас» Қоғамдық Қорының президенті, меценат Дулат Тастекеевтағайындап отыр. Жүлдесі – 200 мың теңге.
Ынталандыру сыйлықтарын «Қасиетті ойын»әңгімесімен Думан Терлікбаев, «Қара мысықтың қожайыны»әңгімесімен Әлішер Рахаталды.Жүлделері – 100 мың теңгеден.
Жеңімпаздары құттықтаймыз.«Қазақ пен қала» бәйгесі дәстүрлі бәйгеге айналды. Байқауға 61 шығарма түсті.Оның 57-сі сайтқа жарияланды. Уақытынан кешігіп келген екі шығарма болды. Ал4-5 әңгіме тақырыптан тыс, я жариялауға мүлде келмегендіктен сайтқа салынғанжоқ.
Құрметті қаламгерлер, келержылы ұйымдастырылатын «Қазақ пен қала» байқауына қатысып, сіздер де жеңімпазатаныңыздар!