Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:05, 25 Желтоқсан 2023

«Артында 2 баласы қалды»: Көкшетауда айы-күні жақындаған әйел қайтыс болды

101
Фото: из открытых источников

Көкшетауда айы-күні жақындаған жүкті әйел қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша оның іші ауырып, дене қызуы көтерілген, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Перзентханада көз жұмғаү әйелдің жасы небәрі 34-те екені анықталды. Дәрігерлер нәрестені де құтқару мүмкін болмағанын айтты.

«Ауруханалар жүкті әйелді неге қабылдамайтын түсінбеймін!!! Екі аурухана қабылдаудан бас тартқан. Апат емес, ауыр ауру емес, ЖРВИ, мына заманда адам ЖРВИ-дан қайтыс болып жатыр! Небәрі 34 жастағы әйел», - деп жазды ол.

Желі қолданушылары оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Перзентхана әйелді жүктіліктің 39-аптасында жоғары дене қызуына байланысты қабылдамаған, қалаға, қала облысқа, ал облыс қайтадан қалаға жіберген.Туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, бірден екеуін жоғалту өте қиын әрі қорқынышты», - деп жазды тағы бір желі қолданушысы.