Қырғызстандағы мемлекеттік төңкеріс ісі: Тәшиевтің адвокаттары соттан жеңілдік сұрады
Бішкекте мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысты атышулы іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті.
Айыпталушылар қатарында Қырғызстан ҰҚМК-нің бұрынғы төрағасы Камчыбек Тәшиев, экс-бас прокурор Курманкул Зулушев, бұрынғы парламент спикері Нурланбек Шакиев және басқа да жоғары лауазымды саясаткерлер бар.
Айыпталушылардың бір бөлігі әлі де тергеу изоляторында отыр. Олардың адвокаттары соттан қамау бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды сұраған. Сонымен қатар қорғаушылар іс материалдарын құпиясыздандырып, сот процесін ашық өткізуді талап етті. Алайда сот барлық өтініштерді қанағаттандырмады.
Камчыбек Тәшиев пен Бекболот Талгарбеков сот отырысына қатыспады. Адвокаттардың айтуынша, алдын ала тыңдау кезеңінде айыпталушылардың келмеуіне заң рұқсат береді. Келесі сот отырысы 21 мамырға белгіленді.
Тәшиевке қатысты іс Қырғызстан саясатындағы ең резонансты оқиғалардың біріне айналды. Ол ақпанда ҰҚМК басшысы қызметінен босатылып, кейін оған айып тағылып, елден шығуына тыйым салынған еді. Енді іс сот қарауына өтті.