АҚШ Ормуз бұғазы арқылы 70 кеменің өтуіне құпия түрде көмектескен
Соңғы үш аптада АҚШ әскери күштері Иран бақылауындағы Ормуз бұғазы арқылы шамамен 70 сауда кемесінің қауіпсіз өтуіне жасырын қолдау көрсеткен. Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлады.
Басылым мәліметінше, кемелердің көбі қозғалыс бағытын жасыру үшін орналасқан жерін көрсететін транспондерлерін сөндіріп отырған.
Алайда бұл көрсеткіш өңірдегі шиеленіс басталғанға дейінгі тасымал көлемімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Қақтығысқа дейін Ормуз бұғазы арқылы тәулігіне 100-ден астам сауда кемесі өтсе, қазіргі таңда бұл сан күніне шамамен үш кемеге дейін қысқарған.
Сарапшылар мұны аймақтағы қауіпсіздік тәуекелдерінің артуымен және халықаралық тасымалдаушылардың сақтық шараларын күшейтуімен байланыстырады.