Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:45, 10 Маусым 2024

Кәрім Мәсімов Тоқаевтан кешірім сұрады

Мәсімов
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов президентке кешірім жасау туралы өтініш жазған. 

Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитету Informburo.kz сайтының сауалына берген жауабында мәлімдеген.

«Расында, ол осы мекемеден 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдаған», - деп хабарлады ҰҚК.

Олар Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодексі 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)») және 366-баптың 4-бөлігі («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын айтқан.

Қазір Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған. Оған қатысты қылмыстық іс «өте құпия» деп танылды. 2023 жылдың сәуір айының соңында Астана соты Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, билікті және лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырды. Мәсімов үкімді даулауға тырысқанымен, апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.