Белсенді Ақмарал Жәкібаева 15 тәулікке қамалды
Ақмарал Жәкібаева Oyan, Qazaqstan белсенділері Бота Шәріпжан, Равкат Мұхтаров және Жанель Шаханның қамалуына наразылық білдірген.
Бота Шәріпжан мен Равхат Мұхтаров 16 желтоқсанда Жаңаөзен мен Қаңтар құрбандары үшін әділеттілік сұрап, алаңға тағзым етуге барғаны үшін 15 тәулікке қамалған болатын. Олардан бөлек тағы бір белсенді Жанель Шахан 15 тәулікке қамалды.