Қоғам

20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктердің хабарлауынша, 20 қаңтарда Қазақстанның басым аумағында кең антициклонның ықпалы сақталып, жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлады Zhasalash.kz.

ауа

Тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының құбылмалы сипаты байқалады. Онымен қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады. Республиканың оңтүстік-шығысында қалың қар жауады. Елдің барлық аумағында тұманды болады.

Синоптиктер барлық дерлік өңірде – Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Абай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ескерту жариялап отыр.

 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Синоптиктер
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз