Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:13, 05 Қаңтар 2024

Тұман, көктайғақ: 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

ауа райы
Фото: из открытых источников

«Қазгидромет» өңірлердегі ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, батыста, солтүстікте, орталықта бұрқасын соғып, қар жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.