Алматы облысында ерлер дәретханасынан 21 жастағы қыздың денесі табылды
Алматы облысының Ұзынағаш ауылында 21 жастағы Диананың денесі дүкен маңындағы ерлер дәретханасынан табылды. Қыздың асылып тұрғаны анықталған.
Алайда марқұмның туыстары оның өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Анасының айтуынша, Диана сол күні жұмыстан кейін ағасына бармақ болған. Бірақ түнге қарай қызбен байланыс үзілген.
Кейін оны дүкен жанындағы дәретханадан өлі күйінде тапқан. Туыстарының сөзінше, қыздың денесінде бірнеше көгерген із болған. Сонымен қатар сөмкесінен 100 мың теңге мен алтын шынжыр жоғалған. Марқұмның жеке заттары кейін сайдан табылған
Туыстары Диананы біреу өлтіріп, оқиғаны суицид ретінде көрсетуі мүмкін деп есептейді. Олардың айтуынша, оқиға кезінде болжамды куәгер дәретхананың маңынан екі көлік пен төрт жас жігітті көрген.
Полиция аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу «Суицидке дейін жеткізу» бабы бойынша жүргізіліп жатыр.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.