Оқиғалар

Ресей Қазақстаннан жеткізілген 40 тонна қауынды кері қайтарды

Ресейдің Челябі облысындағы «Бугристое» шекаралық өткізу бекетінде Қазақстаннан жеткізілген 40 тонна қауынды өткізуге тыйым салынып, жүк кері қайтарылды.

Қауын

Ресейдің Россельхознадзор мәліметінше, Қазақстаннан Ресейге әрқайсысына 20 тонна қауын тиелген екі жүк көлігі кірмек болған. Өнім Екатеринбург пен Пермь қалаларындағы көтерме сауда базаларына жеткізілуі тиіс еді.

Тексеру барысында қауындардың басым бөлігінде міндетті таңбалау белгілерінің жоқ екені анықталған.

Осыған байланысты жүк Ресей аумағына өткізілмей, Қазақстанға кері қайтарылды.

Аталған факті бойынша жүк тасымалдаушыларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз