спорт

Жібек Құламбаева W100 турнирінің жеңімпазы атанды

Испанияның Маспаломас қаласында World Tennis W100 турнирі өтті.

Жібек Құламбаева

ҚТФ баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыста Жібек Құламбаева чехиялық Анна Шишковамен жұптасып өнер көрсетті. Финалда олар чехиялық Доминика Салкова мен швециялық Лиса Заарға қарсы ойнады. Осылайша Қазақстан мен Чехия өкілдерінен құралған жұп турнир жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, осы жеңіс нәтижесінде қазақстандық теннисші жаңартылған әлемдік рейтингте төрт сатыға жоғарылайды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз