Қоғам

Қазақстан мен Қырғызстан екі ел аумағындағы дипломатиялық объектілерді өзара өтеусіз пайдалану туралы келісімге келді

Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы елшіліктердің, сондай-ақ екі мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілері резиденцияларының мұқтаждықтары үшін Астана және Бішкек қалаларындағы ғимараттар мен жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялады.

Қырғызстан

Мүлік 49 жыл мерзімге беріліп, кейіннен осы мерзімді ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Құжатта сондай-ақ жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті беру тәртібі және шарттары айқындалған. Сонымен қатар келісімде көрсетілген жылжымайтын мүлік екі елде алынатын салық пен алымның барлық түрінен босатылады. Тараптар ғимараттарды салуға, жөндеуге және күтіп ұстауға, сондай-ақ қолданылатын тарифтерге сәйкес коммуналдық қызметтерді төлеуге байланысты өздерінің барлық шығыстарын дербес төлейді.

Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Қырғызстан елшіліктерінің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасауға жол ашады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз