Қоғам

Қазақстанда мобильді құрылғыларды верификациялаумен мемлекеттік компания айналысатын болады

Қазақстанға әкелінетін ұялы телефондардың IMEI-кодтарын верификациялау енді мемлекеттік компанияның құзыретіне берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді.

Ұялы телефон

Оның айтуынша, бұл мәселе Үкімет деңгейінде қаралып, мемлекеттік монополияға көшу туралы шешім қабылданған.

«Яғни, бұл қызметті IMEI-кодтарды тексерумен тікелей айналысатын мемлекеттік ұйым көрсететін болады», – деді вице-министр.

Бұған дейін абоненттік құрылғылардың IMEI-кодтарын тексеруді жекеменшік «ATS Mediafon Kz» ЖШС жүзеге асырып келген. Импорттаушылар әрбір елге әкелінген телефон үшін 1 АЕК көлемінде төлем жасауға міндетті болған.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 24 наурыздан бастап Қазақстанда шетелден сатып алынған барлық телефондарды міндетті түрде тексеру ережесі күшіне енді. Бұл талап заңсыз импорттың алдын алу мақсатында енгізілген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз