Қоғам

Алматы соты «Дайвинчик» Telegram-сервисінің жұмысын заңсыз деп таныды

Алматыда танымал Telegram-дегі «Дайвинчик» танысу сервисінің Қазақстан аумағындағы қызметі заңсыз деп танылды.

Сот үкімі

Тиісті шешімді прокурордың талап арызы бойынша Алматы қаласы Алатау аудандық соты шығарған.

Прокуратураның мәліметінше, сервис пайдаланушылардың жасын толық тексермей жұмыс істеген. Бұл кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты тәуекелдер туғызған.

Сотта платформада балалар мен жасөспірімдердің де сауалнамалары пайда болуы мүмкін екені айтылды. Сондай-ақ сервистің бақылаусыз жұмыс істеуі бұған дейін қылмыстық істердің қозғалуына себеп болғаны атап өтілді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз