Алматыда интимдік қызмет көрсеткен заңсыз мекеме әшкереленді
Алматы қаласының Бостандық ауданында полиция қызметкерлері боди-массаж қызметін көрсету орталығы ретінде жасырын жұмыс істеген заңсыз мекеменің қызметін тоқтатты.
Полицияның мәліметінше, қаланың беделді аудандарының бірінде орналасқан жеке тұрғын үйге жүргізілген тексеру барысында сауықтыру қызметтері деген желеумен интимдік сипаттағы қызметтердің көрсетілгені анықталған.
Тексеру нәтижесінде жеті әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жеке басын анықтау және оқиғаның барлық мән-жайын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған факті бойынша жан-жақты тексеру басталды. Сондай-ақ мекеме әкімшілігіне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.