Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:05

«Хутор» бандасының басшысы делінген Хасанға қатысты тергеу аяқталды

Хасан Қасымбаев
Фото: ашық дереккөз

Тергеу барысында оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша іс қозғалған.

Мұны Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Қазір тергеу органдары Қасымбаевқа қатысты жинақталған материалдарды сотқа жолдады. Тергеу аяқталып, істің сотқа жолданғанын облыстық полицияның баспасөз қызметі растады.

Бұған дейін, 2 қарашада «Хутор» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев үш жыл бұрын жасалған қылмысы үшін қамауға алынған еді. Ол 2021 жылы ережесіз жекпе жектен жаттықтырушыны ұрлап, ұрып соқты деген күдікке ілінген.

Тергеу барысында оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша іс қозғалған. Атап айтқанда:

- Адам ұрлау (ҚК 125-бап);
- Бопсалау (ҚК 194-бап);
- Денсаулыққа қасақана зиян келтіру (ҚК 107-бап).