12:46, 31 Қазан 2024
Прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімдеме жасады
ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты пікір білдірді.
Ол қазір ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратура Қазақстан азаматын Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерін салып жатқанын айтты.
«Бұл жұмыс тоқтамады, яғни белсенді түрде атқарылып жатыр. Жақын арада бұл жағдай бойынша оң шешім болып қалады деп сенемін. Атап айтқанда, бұл бағытта жұмыстар оңай емес», - деді Бас прокурордың орынбасары.
Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбай жазасын Қазақстанда өтеуге қатысты арызын жолдаған.