12:30, 20 Қаңтар 2024
Еліміздің 3 облысында жолдар жабылды

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды, деп жазды Zhasalash.kz.
Жамбыл облысында 1 учаске:
«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 шақырым, Кенен ауданы – Қайнар ауданы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады) - 79 шақырым.
Жетісу облысында 1 учаске:
«Үшарал-Достық» 84-184 шақырым, Көктұма станциясы – Достық станциясы – 100 шақырым.
Батыс Қазақстан облысында 2 учаске:
«Орал-Тасқала-РФ шекарасы» 4-104 шақырым, Орал қаласы - РФ шекарасы – 100 шақырым.
«Самара-Шымкент» 195-246 шақырым, РФ шекарасы - Орал қаласы – 51 шақырым.